---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/03/05/biyl-ramazan-ajy-11-nawryzda-bastalady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Биыл Рамазан айы 11 наурызда басталады

![Биыл Рамазан айы 11 наурызда басталады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/03/wwlk6muh.webp)

**Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елдердің Ғұламалар кеңесімен, пәтуа саласына жауапты ғалымдармен ақылдаса келе, биылғы Рамазан айының басталатын күні бекітілді, деп хабарлайды Qazaqpress.**
Ортақ пәтуаға сәйкес, қасиетті Рамазан айы 11 наурызда басталады.

Ал сәуір айының 5-нен 6-на қараған түн – қасиетті Қадір түні. 10 сәуір – Ораза айт мерекесі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде пітір садақасы еліміз бойынша екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 640 теңге болып бекітілді.

Сондай-ақ өзіңізге қажетті облыс, қала, аудан және ауылдың (барлығы 6000 елді мекен) ораза және намаз кестесін жоғары сапада[ muftyat.kz](https://www.muftyat.kz/kk/page/ramadan) сайтынан жүктеп алуға болады.

*Фото: Inbusiness.kz*

---

Жарияланды: 2024-03-05T05:58:47+06:00

Жаңартылды: 2024-03-05T05:58:47+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/03/05/biyl-ramazan-ajy-11-nawryzda-bastalady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.