Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Басты

Алғаш рет волонтерлер Аралда 5100 сексеуіл көшетін отырғызды

admin by admin
5 марта, 2024
Алғаш рет волонтерлер Аралда 5100 сексеуіл көшетін отырғызды

Наурыздың 1-3 аралығында Қызылорда облысында «Syr qorǵany – sekseýil» алғашқы эковолонтерлік жоба өтті. Аймақтың экожүйесін қалыпқа келтіру және Арал теңізінің экологиялық апатының зардаптарынан қорғау – аталмыш жобаның көздеген миссиясы. Бұған қол жеткізу үшін Алматы Менеджмент Университеті 80-ге жуық волонтерді жұмылдырды. Олар ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі және жергілікті атқарушы органдарының қолдауымен Арал теңізінің құрғаған табанына бет алып 5100 сексеуіл көшетін отырғызды.

Байланысты

Олжас Бектенов жеңіл өнеркәсіпті дамыту тәсілдерін қайта қарауды тапсырды

Бейбіт Исабаев елді мекендердегі құрылыс алаңдарын аралады

Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру бойынша отырыс өткізді

Волонтерлер Алматы, Талғар, Астана, Ташкент қалаларынан жиналды. Араларында тіпті АҚШ-тың екі азаматы болды. Сонымен қатар Қызылорда облысының Шиелі, Жаңақорған елдімекендерінің белсенді азаматтары да волонтер қатарынан көрінді. 3 күннің ішінде олар 1030 шақырымды жүріп өтті. Алғашқы күні «Қорқыт-ата» мемориалдық кешеніне соғып ата-баба рухына тағзым етті. Одан кейін Аралды Құтқару Халықаралық Қорының сарапшысы Мария Заднепровская мен Қазақстанның  еңбек сіңірген қайраткері, кинорежиссер Сергей Азимовтың қатысуымен форсайт әңгіме өтті. Оның барысында жиналған қауым режиссердің Арал тағдырын баяндайтын, 1988 жылы жарыққа шыққан «Жоқтау» фильмін тамашалап тебіренді.

«Аралды тірілту мүмкін емес. Бірақ елімізді, туған ауылымызды көркейту, экологиялық жағдайды жақсарту – қолдан келетін нәрсе. Сол себепті өзім волонтер ретінде жобаға қатысып отырмын. Сынаудың, сөздің орнына іспен көрсетіп жағдайды түзеуге үлес қосуға болады. Ең бастысы, осындай жоба арқылы жастардың, қауымның экологиялық ұлттық сана-сезімін, адами сезімін оята аламыз», — деп ой бөлісті белгілі режиссер.

Келесі күні 80-ге жуық волонтер қолға күрек алып, бір кісідей атсалысып Аралдың құрғаған табанына сексеуіл отырғызды.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті «Республикалық Орман-селекциялық тұқым өсіру орталығының» РМҚК  бас директоры Әліби Ғазизұлы жобаның ерекшелігіне тоқталды:

«1 миллион 100 мың гектар жерге сексеуіл отырғызу жұмыстары жүріп жатыр. 2021-2023 жылдар аралығында 545 000 гектар жерге сексеуіл отырғызылды. Енді жұмыстың жартысы қалды. Сексеуіл отырғызуға Аралға волонтерлердің келуі Қазақстан тарихында болмаған жайт. Бұған дейін шет мемлекеттен көмектескен көптеген донор болды. Мысалы, Оңтүстік Кореядан, Алмания, Америка сияқты елдер. Ал енді сексеуіл жайлы айта кетейін. Бұл – балта шаба алмайтын, ара кесе алмайтын қасиетті ағаш. Бір түбінің өзі 4 тонна құмға дейін ұстап тұра алады. Дүниежүзі бойынша біздің елде ең көп өседі. Осы Қызылорда облысында, Мойынқұмда, Созақта, тіпті Балқаш жақта сексеуіл кездеседі. Жалпы, оның екі түрі бар: қара және ақ сексеуіл. Бүгін қара сексеуіл отырғызылды. Көшетті лайға батырып, әбден сіңгеннен кейін отырғызғанымызды ескерте кетейін. Ол лай гидрогель мен көңнен тұрады яғни сексеуілге қажет ылғал мен минералды қорек жеткілікті. Сондықтан бұл сексеуіл көшеттері суарылмайды. 4 жылдан кейін бұйырса тұқымын береді».

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Ұлттық волонтерлік желісінің координаторы Бауыржан Жұмат жобадан алған әсерін бөлісті:

«Жобаға қатысу үшін арнайы Астанадан келдім. Бұл – ерекше жоба. Алғаш рет жоба жайлы естігенімде «қатысамын» деп бірден шешім қабылдадым. Бұған дейін де басқа да волонтерлік акцияларға қатысқанмын. 7 жылдан бері еріктімін. 7 жыл ішінде Ақтөбе, Тараз қалаларына барып, «Жасыл белдеу» экологиялық жобаларына қатысқанмын. Шынымен де экологиялық апатқа душар болған өлкеге, Арал теңізіне келіп, тіршіліктің пайда болуына кішігірім болса да көмектестік деген ойдамын. Астанаға барған соң басқа да волонтерлермен осы әсерімді бөлісемін.

Аралға тарихта бірінші рет волонтерлер келіп, сексеуіл көшеттерін отырғызды. Қазақстандық волонтерлер келіп бірінші рет сексеуіл отырғызды деген ерекше мақтаныш».

«AlmaU тұрақты даму мақсаттарын ұстанатын және жыл сайын экологиялық жобаларды ұйымдастыратын әлеуметтік жауапкершілігі бар университет. 2019 жылдан бастап «Ұлы Балқаш шақырады!» жобасын дәстүрлі түрде өткізіп келеміз. Мейлінше көп адамды экологиялық мәселелерге тарту біз үшін аса маңызды. Осы құндылықтарға сүйене отырып біз «Syr qorǵany – sekseýil» волонтерлік экологиялық жобасын қолдауға шешім қабылдадық. Ерекше атап өтетін жайт, бұл коммерциялық мүддені көздемейтін күрделі, құны қымбат жоба. AlmaU волонтерлерді өзінің және демеуші қаражатының есебінен апарды», — деп атап өтті AlmaU ректоры Гүлнар Күренкеева.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Маңғыстау облысындағы ереуіл: «Westoil Software» ЖШС басшылығы мәлімдеме жасады

Келесі жаңалық

Алматыда тағы жер сілкінді

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Олжас Бектенов жеңіл өнеркәсіпті дамыту тәсілдерін қайта қарауды тапсырды
Категориясыз

Олжас Бектенов жеңіл өнеркәсіпті дамыту тәсілдерін қайта қарауды тапсырды

14 мая, 2026
Бейбіт Исабаев елді мекендердегі құрылыс алаңдарын аралады
Басты

Бейбіт Исабаев елді мекендердегі құрылыс алаңдарын аралады

13 мая, 2026
Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру бойынша отырыс өткізді
Басты

Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру бойынша отырыс өткізді

13 мая, 2026
Жетісу облысына 4 жыл: жергілікті маңызы бар 1,6 мың км жол жөнделді
Басты

Жетісу облысына 4 жыл: жергілікті маңызы бар 1,6 мың км жол жөнделді

8 мая, 2026
Жетісуда «Бейбіт елдің қалқаны аты мурал салынды
Категориясыз

Жетісуда «Бейбіт елдің қалқаны аты мурал салынды

7 мая, 2026
Үкімет Абай облысының жылу желілерін жылыту маусымына дайындауға 2,5 млрд теңге бөлді
Басты

Үкімет Абай облысының жылу желілерін жылыту маусымына дайындауға 2,5 млрд теңге бөлді

6 мая, 2026
Келесі жаңалық
Алматыда тағы жер сілкінді

Алматыда тағы жер сілкінді

Елімізде сұйытылған мұнай газының бағасы өседі

Елімізде сұйытылған мұнай газының бағасы өседі

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Бейбіт Жұқаев Қазақстанның екінші ракеткасы атанды

Бейбіт Жұқаев Қазақстанның екінші ракеткасы атанды

6 ноября, 2023
Алматы облысында жедел медициналық жәрдем қызметінің дамуы жолындағы  маңызды оқиға орын алды

Алматы облысында жедел медициналық жәрдем қызметінің дамуы жолындағы маңызды оқиға орын алды

15 декабря, 2021
Астанада салынып жатқан нысан өртеніп жатыр

Астанада салынып жатқан нысан өртеніп жатыр

24 мая, 2023

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ҚУАТТЫ ӨҢІРЛІК ҒЫЛЫМ – ҚУАТТЫ ӨҢІР» ҚЫЗЫЛОРДАДА ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ ПРЕЗИДИУМЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Meta, TikTok, Яндекс жəне басқа да платформалармен тікелей диалог: AMDG 2026 жылғы медиялық жəне видеожарнама бойынша конференция өткізеді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс БМЗ-дағы күкірт қышқылы цехында негізгі жабдықты ауыстырып жатыр

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Шавкат Аюпов: Алтын Орда тарихы – Еуразия халықтарына ортақ мұра
  • Ирада Аюпова: Қазақстан мен Татарстан – түркі халықтарының өркениеттік синтезінің үлгісі
  • «Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.