---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/03/01/almatyda-intervenciyalyq-kardiologtar-zhaghdajy-awyr-nawqasty-aman-alyp-qaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда интервенциялық кардиологтар жағдайы ауыр науқасты аман алып қалды

![Алматыда интервенциялық кардиологтар жағдайы ауыр науқасты аман алып қалды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/03/whatsapp-image-2024-03-01-at-12.50.21.jpeg)

Алматы Қалалық кардиологиялық орталығында коронарлық артериялардың бифуркациялық зақымдануы күрделі диагнозымен түскен 68 жастағы ер адамға ота жасалды.

Бұл ауру ең ауыр диагноздың бірі болып саналады.

Бұл жағдайда стеноз (тарылу) коронарлық артериялардың тармақталған жерінде пайда болады (бүйірлік бұтақтардың негізгі артериядан шығуы).  

Науқаста коронарлық тамырлардың коронографиясы кезінде бірден екі коронарлық артерияның критикалық тарылуы анықталды, бұл оның өміріне қауіп төндірді.

Науқасқа шұғыл түрде хирургиялық араласу қажет болды, өйткені аурудың белсенді дамуы инфаркт пен кенеттен жүрек өліміне әкелуі мүмкін.

Бифуркациялық зақымдану кезінде стенттеу — хирург үшін нағыз кәсіби сынақ.  

Отаны Алматы Қалалық кардиоорталығының рентгенхирургия бөлімшесінің меңгерушісі Оразбек Сахов ассистент Айжан Құланбаевамен бірлесіп жүргізді.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2024/03/whatsapp-image-2024-03-01-at-12.50.22-1024x768.jpeg)

«Науқаста коронарлық артериялардың критикалық зақымдануы ррын алды. Оған тамырішілік УДЗ қолдана отырып, бірден екі артерияны стенттеді. Бұған дейін науқасқа стенттеу жасаған болатын. Отаның техникалық күрделілігі науқас тамырларының қатты кеңейген және ирелең болуында еді. Себебі стентті импланттау кезінде атеросклеротикалық түйіншектің орын ауыстыру және бүйір тармағының бітелу қаупі бар. Ота жергілікті анестезиямен жасалды. Ота екі сағатқа созылып, сәтті өтті. Мұндай отадан кейінгі оңалту кезеңі қысқа екенін атап өткім келеді — бір тәулік ішінде науқас стационарда бақыланады, содан кейін ол әдеттегі өмір салтына орала алады», — дейді Оразбек Сахов.

Ота Украина, Беларусь және Қазақстанның интервенциялық кардиологтарына арналған Қалалық кардиологиялық орталықта өткен мастер-класс аясында жүргізілді.  

Бұл бірегей оқу іс-шарасы жүрек-қан тамырлары ауруларының ең күрделі және қауіпті түрі бифуркациялық стенозға арналған болатын. Доктор Сахов мастер-класс спикерлерінің бірі болды және осы ота мысалында әріптестерімен білімімен бөлісті.  

Сонымен қатар, мастер-класта Астана қаласы ҰҒКО интервенциялық кардиология және радиология клиникалық академиялық департаментінің директоры, доктор Арипов Марат Асанұлы және Киев қаласы Н.М. Амосов атындағы “Ұлттық жүрек-қан тамырлары хирургиясы институты” жедел эндоваскулярлық хирургия бөлімінің меңгерушісі доктор Сало Сергей Васильевич спикер болды.  

Мастер-класс қатысушылары осы отаға қатысып қана қоймай, теориялық білім алып, интервенциялық кардиология саласындағы озық әдістеме және технологиямен таныса алды.  

Мұндай шеберлік сабағын өткізу үшін Қалалық кардиологиялық орталық ең заманауи шығын материалы және жоғары технологиялық жабдықпен жабдықталғанын атап өту керек

---

Жарияланды: 2024-03-01T13:17:45+06:00

Жаңартылды: 2024-03-01T13:17:45+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/), [Әлем](https://qazaqpress.kz/category/%d3%99lem/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/03/01/almatyda-intervenciyalyq-kardiologtar-zhaghdajy-awyr-nawqasty-aman-alyp-qaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.