---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/02/23/saryaghashtaghy-5-zhasar-qyzdyng-oelimi-burynghy-sot-toeraghasy-swdya-qyzmetinen-bosatyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Сарыағаштағы 5 жасар қыздың өлімі: Бұрынғы сот төрағасы, судья қызметінен босатылды

![Сарыағаштағы 5 жасар қыздың өлімі: Бұрынғы сот төрағасы, судья қызметінен босатылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/01/scale_1200.jpg)

**Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Сарыағаш аудандық сотының бұрынғы төрағасы, судья Н.Шетенов қызметінен босталды, деп хабарлайды Qazaqpess ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

> «Сарыағаш аудандық сотының судьясы Шетенов Нұрқазы Бектайұлы тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін судья қызметінен босату қажеттілігі туралы Сот жюриінің шешімі бойынша босатылсын» — делінген Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында.

Айта кетейік, бұған дейін Сарыағаштағы 5 жасар қыздың өліміне қатысты педофилді тексерген пробация қызметкері 2 жылға сотталған болатын. Ол қызмет барысында пробациялық бақылаудағы бұрын сотты болған азаматты қадағалау бойынша тиісті жұмыс жүргізбеді деп айыпталды.

---

Жарияланды: 2024-02-23T05:41:36+06:00

Жаңартылды: 2024-02-23T05:41:36+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/02/23/saryaghashtaghy-5-zhasar-qyzdyng-oelimi-burynghy-sot-toeraghasy-swdya-qyzmetinen-bosatyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.