---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/02/20/almatyda-oertenip-zhatqan-uejden-17-adam-qutqaryldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда өртеніп жатқан үйден 17 адам құтқарылды

![Алматыда өртеніп жатқан үйден 17 адам құтқарылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/02/photo_462917.jpeg.webp)

**Алматыда өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден 17 адамды құтқарды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 20 ақпан түнгі сағат 01.53-те Бостандық ауданы, Өтепов көшесінде орналасқан 13 қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерден өрт шықты.

Баспалдақтарда қатты түтін пайда болып, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп туындады. Дереу газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары тұрғын үй кешенінің тұрғындарын эвакуациялау және құтқару бойынша жұмыстар жүргізді.

> «Өрт сөндірушілер құтқару қалпақтарының көмегімен 2 адамды құтқарып, 15 адамды эвакуациялады. Сағат 02:39-да өрт сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қабылданған шаралардың арқасында көрші пәтерлер аман қалды», — деп хабарлады ведомстводан.

Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 35 адам, 11 техника және қаланың шұғыл іс-қимыл қызметтері жұмылдырылды.

---

Жарияланды: 2024-02-20T05:56:52+06:00

Жаңартылды: 2024-02-20T05:56:52+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/02/20/almatyda-oertenip-zhatqan-uejden-17-adam-qutqaryldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.