---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/02/19/qazcink-kompaniyasyna-50-mln-tengge-ajyppul-salyndy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# «Қазцинк» компаниясына 50 млн теңге айыппұл салынды

![«Қазцинк» компаниясына 50 млн теңге айыппұл салынды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/02/2a55eb67-203e-4697-a9d7-df47afc6d2a6.webp)

**Биыл қаңтар айында Шығыс Қазақстан облысындағы Үлбі өзенінің ластану фактісі бойынша «Қазцинк» ЖШС Риддер тау-кен байыту кешеніне қатысты жоспардан тыс тексеру аяқталды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Тексеріс нәтижесінде мекемеге өзенді ластағаны үшін 50 млн теңге айыппұл салынды.

Жоспардан тыс тексеру жүргізу барысында Экология департаментінің мамандары іріктеп алған сарқынды сулардың сынамалары марганец бойынша 4,5 есе артық екенін көрсеткен.

> «Тазарту құрылыстарын тиісінше пайдаланбау нәтижесінде Үлбі өзеніне көптеген ағындар орын алатыны анықталды. Жоспардан тыс тексеру қорытындысы бойынша «Қазцинк» ЖШС-не 50 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды, сондай-ақ бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді», — деп хабарлады Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінен.

---

Жарияланды: 2024-02-19T05:45:42+06:00

Жаңартылды: 2024-02-19T05:45:42+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/02/19/qazcink-kompaniyasyna-50-mln-tengge-ajyppul-salyndy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.