Бір жасқа дейінгі массаж: пайдасы, кімге және қашан жасау керек

Бір жасқа дейінгі массаж: пайдасы, кімге және қашан жасау керек

Бұл туралы бізге №16 Қалалық емхананың оңалту және қалпына келтіру емі орталығының меңгерушісі Аида Жакипбекова айтып берді.

Маманның айтуынша, балалардың денсаулығы — ата-аналардың өміріндегі ең басты жауапкершілік. Және ересектердің баланың денсаулығы мен дамуы мәселесіне қаншалықты жауапкершілікпен қарайтындығына баланың өмірі байланысты болады.

Балалар массажы — бұл оңалу және ауырмау үшін ең жақсы құрал. Педиатрлар көбінесе бір жасқа дейінгі кішкентай балаларға, емізулі нәрестелерге массаж сеанстарын тағайындайды.

«Бірнеше массаж курсының арқасында, балаңыздың иммундық жүйесі нығаяды, егер проблемалар болса, сау болады. Сондай-ақ, массаж баланың дамуына оң әсер етеді. Бала дұрыс дамиды», — деп атап өтті дәрігер.

Сау балаларға педиатр өмірдің бірінші жылында жәй ғана, алдын алу және дұрыс даму үшін 3-5 сеанста массаж курсын тағайындай алады. Егер балаға емдік мақсатта массаж қажет болса, онда нәрестеге өмірінің бірінші жылында 10-ға дейін массаж сеансы тағайындалуы мүмкін.

«Массаж баланың тез қалпына келуіне ықпал етеді, әсіресе мойынның қисаюы, балалардағы жамбас дисплазиясы, жалпақ табан, сколиоз, әртүрлі неврологиялық аурулар және т.б. Егер бір жасқа дейінгі балада ішектің бұрып ауыруы және тұрақты кебулер болса, онда массаж міндетті түрде қажет»,- деп хабарлайды Аида Жакипбекова.

Балаға бір жасқа дейін массаж жасау келесі әдістерді қамтиды: сипау, ысқылау, илеу, дірілдету. Олардың әрқайсысына толығырақ тоқталайық.