Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны артып келеді

Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны артып келеді

Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны артты, деп хабарлайды Qazaqpress.

Бұл туралы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы мәлім етті.

Айтуынша, жыл басынан бері қалада коронавирус инфекциясының зертханалық расталған 217 жағдайы тіркелді, оның 14 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар арасында.

«Соңғы 7 күнде ауруды жұқтырғандар саны 1,5%-ға өсті. Алдыңғы 7 күнде 29 жағдайға қарсы 42 инфекция жағдайы тіркелді», — деді Қасымхан Алпысбайұлы.

Эпидемиолог коронавирус инфекциясынан қорғанудың жалғыз әдісі — вакцинация екенін еске салды.