---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/02/15/qor-birzhalarynda-air-astana-baghaly-qaghazdarymen-shartsyz-sawda-sattyq-bastaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қор биржаларында Air Astana бағалы қағаздарымен шартсыз сауда саттық басталды

![Қор биржаларында Air Astana бағалы қағаздарымен шартсыз сауда саттық басталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/02/attachment-3.jpeg)

**Лондон қор биржасында (LSE) ЖДҚ-мен, Astana International Exchange (AIX) биржасында ЖДҚ және акциялармен және Қазақстан қор биржасында (KASE) акциялармен шартсыз сауда-саттық басталды.**

Сауда-саттықтың ашылу салтанатына әуекомпаниялар тобының президенті Питер Фостер, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Жақыпов, биржалардың басшылары, сондай-ақ бизнес және инвестициялық қоғамдастық өкілдері қатысты.

> «Бұл Air Astana тарихындағы маңызды оқиға, өйткені біз ресми түрде жария компанияға айналдық. Жиырма екі жыл бұрынғы алғашқы рейсімізден бері біз ұзақ жолдан өттік, және мен жаңа акционерлерімізді қуана қарсы аламын. Біз Орталық Азиядағы ең ірі әуекомпаниясы болу және аймақтағы миллиондаған азаматтарға аспан ашу үшін өсу тарихымыздың келесі кезеңіне аяқ басып жатырмыз», — деп атап өтті Питер Фостер.

Жария мәртебеге ие болу Air Astana дамуындағы маңызды кезеңнің басталуын білдіреді және топтың жергілікті және халықаралық деңгейде өсуі мен дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2024/02/attachment-1-1-300x225.jpeg)

 

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2024/02/attachment-2-300x199.jpeg)

---

Жарияланды: 2024-02-15T16:16:23+06:00

Жаңартылды: 2024-02-15T16:16:23+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/02/15/qor-birzhalarynda-air-astana-baghaly-qaghazdarymen-shartsyz-sawda-sattyq-bastaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.