---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/02/15/qazuw-oekili-rektor-zheke-derekteri-tarap-ketken-stwdent-qyzdardan-keshirim-surajtynyn-ajtty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# ҚазҰУ өкілі ректор жеке деректері тарап кеткен студент қыздардан кешірім сұрайтынын айтты

![ҚазҰУ өкілі ректор жеке деректері тарап кеткен студент қыздардан кешірім сұрайтынын айтты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/02/21935_large.jpg)

**ҚазҰУ-дың ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректоры Жәмилә Айтжанова университет студенттері жеке деректерінің тарап кетуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ****Qazaqpress****.**

Tengrinews.kz сұрақтарына жауап берген Айтжанова университет келісім-шарт негізінде медициналық қызмет көрсеткен Smart Health University City ЖШС-мен келісім-шартты бұзуға ниетті екенін айтты.

> «Университетімізге қызмет көрсететін жеке медицина орталығы медициналық тексеруден өткен студенттердің тізімін тапсырды. Қазір университетімізде қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр, анықтаймыз. Бұл жол берілмейтін дерек. Әрине, біз де бұл компанияның (медициналық — еск.) мұндай қателік жасағаны үшін жауаптымыз», — деді Айтжанова.

Сондай-ақ, оның айтуынша, университет прокуратураға хабарласып, тергеуді бастаған. Тілші «ректор бұл оқиғаға қатысты ресми түрде кешірім сұрай ма», сұрап көрді.

> «Әрине, олардан кешірім сұраймыз. Бүкіл университет басшылығымен кешірім сұраймыз», — деп сендірді Айтжанова.

Жәбірленуші студенттерге университет тарапынан өтемақы төлеу жоспарда бар ма деген сұраққа проректор бұл мәселе шешілетінін айтты.

> «Оған (механика-математика факультеті деканатының маманы С.Ж. – еск.) әкімшілік жаза болады, шаралар міндетті түрде қабылданады. Әлі жұмыстан шығарылған жоқ, мәселе құқықтық салада шешіледі. Бұл біздің қызметкер болғандықтан, тәртіптік тергеу әлі жүріп жатыр — дәл осы олқылықты жасаған кім. Әр шешім артында адам тағдыры тұр», — деп қосты Жәмилә Айтжанова.

Заң бойынша тергеу 15 жұмыс күніне дейін созылуы мүмкін, деп қосты ҚазҰУ проректоры.

---

Жарияланды: 2024-02-15T03:41:49+06:00

Жаңартылды: 2024-02-15T03:41:49+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Білім](https://qazaqpress.kz/category/bilim/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/02/15/qazuw-oekili-rektor-zheke-derekteri-tarap-ketken-stwdent-qyzdardan-keshirim-surajtynyn-ajtty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.