---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/02/13/batys-qazaqstanda-awa-rajynyng-nasharlawyna-bajlanysty-7-zhol-wchaskesi-zhabyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Батыс Қазақстанда ауа райының нашарлауына байланысты 7 жол учаскесі жабылды

![Батыс Қазақстанда ауа райының нашарлауына байланысты 7 жол учаскесі жабылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/02/01f55f83-bf05-4f80-af4c-b23add02bd5f.webp)

**Батыс Қазақстан облысы аумағында ауа райының нашарлауына байланысты 7 жол учаскесінде көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

БҚО ТЖ департаменті баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, соның алтауы – республикалық, біреуі – облыстық маңызы бар жол.

> «Атап айтқанда, республикалық маңызы бар Самара-Шымкент (195-246 км, РФ шекарасы – Орал қаласы, МАИ бекеті), Самара-Шымкент (266-392 км, Подстепный – Жымпиты), Самара-Шымкент (392-526 км, Жымпиты – Ақтөбе облысының шекарасы), Чапаев-Жалпақтал-Казталов (0-201 км, Чапаев – Казталов), Казталов-Жәнібек-РФ шекарасы (0-158 км, Казталов – Жәнібек), Атырау-Орал (189-492 км, Атырау облысы шекарасы – Орал қаласы) және облыстық Чапаев-Жаңақала-Сайқын (0-130 км, Чапаев – Жаңақала) жолы жабық. Жолдың жабылу себебі – жаңбырдың салдарынан көктайғақ, кей жерлерде күшті жел, боран», деп хабарлады ведомстводан.

Қазіргі кезде Орал қаласында жаңбыр жауып, көктайғақ болып тұр.

---

Жарияланды: 2024-02-13T03:58:24+06:00

Жаңартылды: 2024-02-13T03:58:24+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/02/13/batys-qazaqstanda-awa-rajynyng-nasharlawyna-bajlanysty-7-zhol-wchaskesi-zhabyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.