---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/02/09/eki-balasyn-oeltirdi-degen-kuedikke-ilingen-aejel-ustaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Екі баласын өлтірді деген күдікке ілінген әйел ұсталды

![Екі баласын өлтірді деген күдікке ілінген әйел ұсталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/02/bala1.jpg)

**Түркістан облысында екі баласын тұншықтырып өлтірді деген күдікке ілінген әйел ұсталды, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

Іздестіру жұмысына облыстық полиция департаментінің барлық жеке құрамы, көршілес аймақ пен мегаполис бағытталды. Барлық қажетті жедел-тергеу іс-шарасы жүргізілді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде жедел уәкілдер күдіктіні Шымкенттегі қонақүйлердің бірінде ұстады.

> — Адам өлтіру дерегі бойынша барлық мән-жайды анықтау мақсатында тергеу жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Күдікті әйел қамауға алынды. Істің тергеу барысы менің жеке бақылауымда, — деді Түркістан облысы ПД бастығы Мұрат Қабденов.

Еске салайық, 7 ақпанда Түркістандағы жалдамалы пәтерлердің бірінен екі кішкентай бала өлі табылды.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өлімнің себебін анықтау үшін балалардың денесі сараптамаға жіберілді.

Кейінірек балаларды өлтірді деген күдікті өз анасы деген деректер шықты. Ол Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы А.С.Пушкин атындағы N46 мектеп-лицейінің мектепке дейінгі мекемесінде тәрбиеші болып жұмыс істеген. Мұны Шиелі аудандық білім бөлімі растады.

---

Жарияланды: 2024-02-09T00:00:09+06:00

Жаңартылды: 2024-02-09T00:00:09+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/02/09/eki-balasyn-oeltirdi-degen-kuedikke-ilingen-aejel-ustaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.