---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/02/09/1-tipti-qant-diabetining-qawpi-twraly-n36-qalalyq-emhananyng-daerigeri-ajtyp-berdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# 1-типті қант диабетінің қаупі туралы N36 қалалық емхананың дәрігері айтып берді

![1-типті қант диабетінің қаупі туралы N36 қалалық емхананың дәрігері айтып берді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/11/vrach-doktor-zhenshhina-bez-lica.png)

1-типті қант диабеті — ағзадағы инсулиннің жеткіліксіздігімен сипатталатын созылмалы ауру.

Ауру инсулин өндіруге жауапты ұйқы безі жасушаларының зақымдануы не жойылуынан туындайды.

1-типті қант диабеті әдетте ерте балалық, жасөспірімдік шақта дамиды, шыңы 10-13 жаста болады. Сонда да кез келген жастағы адамда, соның ішінде егде жастағы адамда да дамуы мүмкін, дегенмен көп жағдайда ауру 40 жасқа дейін білінеді.

Балалар эндокринологы Ермұратова Жаклин Тлепбаевнаның айтуынша, 1-типті қант диабеті диагнозы қандағы глюкоза деңгейін және инсулинге антиденелердің болуын талдауға негізделеді. Диагноз расталғаннан кейін ықтимал асқынудың алдын алу үшін емдеуді дереу бастау маңызды.

1-типті қант диабетінің негізгі асқынуының бірі гипергликемия — қандағы қант деңгейінің жоғарылауы. Инсулин жетіспесе, глюкоза энергия ретінде пайдаланылатын жасушаларға кіре алмайды.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2024/02/result-16-1024x683.jpg)

«Нәтижесінде ағза энергия алу үшін май қышқылдарын ыдырата бастайды, бұл кетондық денелердің пайда болуына әкеледі. Кетоацидоз – дер кезінде емделмеген жағдайда өлімге әкелетін ауыр жағдай», — деп атап өтті Жаклин Ермұратова.

Сонымен қатар, 1-типті қант диабеті қан тамырларының, жүйке жүйесінің және органдардың зақымдануы сияқты әр түрлі асқынуды тудыруы мүмкін. Қандағы қант мөлшерін бақыламау жүрек-тамыр ауруларының, көз проблемаларының, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің, нейропатияның және басқа да асқынудың дамуына әкелуі мүмкін.

Дәрігер 1-типті қант диабетін бақылау мен емдеу асқынудың алдын алу және денсаулықты сақтау үшін өте маңызды екенін баса айтты.

Ол қандағы қант деңгейін бақылауды, инсулинді не басқа дәріні қабылдауды, дұрыс тамақтануды, физикалық белсенділікті сақтауды, емдеуді бақылау және түзету үшін дәрігерге үнемі көрініп тұруды ұсынады.

---

Жарияланды: 2024-02-09T11:39:13+06:00

Жаңартылды: 2024-02-09T11:39:13+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/02/09/1-tipti-qant-diabetining-qawpi-twraly-n36-qalalyq-emhananyng-daerigeri-ajtyp-berdi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.