---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/02/08/batys-qazaqstanda-qolajsyz-awa-rajyna-bajlanysty-11-zhol-boeligi-zhabyq-tur/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Батыс Қазақстанда қолайсыз ауа райына байланысты 11 жол бөлігі жабық тұр

![Батыс Қазақстанда қолайсыз ауа райына байланысты 11 жол бөлігі жабық тұр](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/02/baed4294-ba5b-4235-9eb8-f4eac1a8d5fd.webp)

**Батыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты 11 жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Qazaqpress.**

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, қазіргі кезде 3 республикалық, 8 облыстық маңызы бар автожолдар жабық.

> «Республикалық Атырау-Орал (375-189 км, Ақжайық ауданынан Атырау облысы шекарасына дейін), Самара-Шымкент (266-526 км, Подстепный-Ақтөбе обл. шекарасы) Орал-Тасқала-РФ шекарасы (72-104 км, Тасқала ауылы-РФ шекарасы) жолдарында қозғалыс шектелген. Сондай-ақ облыстық маңызы бар Жымпиты-Қаратөбе (0-103 км), Үлкен Шаған-Переметный (0-42 км), Тасқала-Аққурай-Болашақ (0-157 км), Бөрлі-Ақсай-Жымпиты (38-159 км), Подстепный-Теректі-РФ шекарасы (38-108 км, Теректі-Бөрлі ауылы), Теректі-Ақсай (0-82 км), Ақсай-Шыңғырлау (0-86 км), Орал-Кирсанов (23-183 км, Дариян-Кирсанов) жолдары да жабылған. Себебі – боран, екпіні секундына 20 метрге дейін жеткен күшті жел, көктайғақ. БҚО ТЖ департаменті қолайсыз ауа райы кезінде алыс жолға шықпау керектігін еске салады», деп хабарлады ведомстводан.

---

Жарияланды: 2024-02-08T04:46:21+06:00

Жаңартылды: 2024-02-08T04:46:21+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/02/08/batys-qazaqstanda-qolajsyz-awa-rajyna-bajlanysty-11-zhol-boeligi-zhabyq-tur/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.