---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/02/08/almatyda-syrghymanyng-tueswi-uejindi-astynan-toert-adam-izdestirilip-zhatyr/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда сырғыманың түсуі: Үйінді астынан төрт адам іздестіріліп жатыр

![Алматыда сырғыманың түсуі: Үйінді астынан төрт адам іздестіріліп жатыр](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/02/c24238df-37cd-4d49-9ca9-8c556cd3e039.webp)

**Алматы әкімі Ерболат Досаев топырақтың лайлануы салдарынан болған техногендік сипаттағы лай көшкен жерге келді, деп хабарлайды Qazaqpress.**

Сол жерде қала басшысы бүлінген ғимараттарды аралап, шұғыл көшпелі кеңес өткізді.

> «Негізгі басымдық – іздеу-құтқару жұмыстары. Үйде болған адамдарды іздеу бойынша  жұмылдырылған топтың жұмысын үздіксіз қамтамасыз ету қажет»,- деді Ерболат Досаев.

Көршілердің айтуынша, бұл үйде 4 адамнан тұратын отбасы болған.

Әкімнің тапсырмасы бойынша, болған оқиғаның себептерін тексеру және лай көшкіні салдарын жою бойынша арнайы топ құрылды.

Естеріңізге сала кетейік, 8 ақпанда Медеу ауданының «Тау Самалы» шағын ауданындағы Олимпиский көшесі бойында топырақтың лайлануы салдарынан техногендік сипаттағы лай көшкіні болды.

---

Жарияланды: 2024-02-08T04:43:39+06:00

Жаңартылды: 2024-02-08T04:43:39+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/02/08/almatyda-syrghymanyng-tueswi-uejindi-astynan-toert-adam-izdestirilip-zhatyr/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.