---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/02/07/aqmola-oblysynda-24-zhastaghy-qyz-toghyzynshy-qabattan-sekirdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ақмола облысында 24 жастағы қыз тоғызыншы қабаттан секірді

![Ақмола облысында 24 жастағы қыз тоғызыншы қабаттан секірді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/02/f2e88354-d53b-4855-8624-9412f8aebc56.webp)

**Ақмола облысында 24 жастағы қыз қараусыз қалған үйдің тоғызыншы қабатынан секіріп, суицид жасады, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Ақмола облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай 5 ақпанда Бурабай кентінде болған.

> «Биылғы жылдың 5 ақпанында Бурабай ауданында болған қыздың өз-өзіне қол салу дерегіне байланысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі (суицидке дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Алдын-ала анықталғандай, Бурабай ауылының 24 жастағы тұрғыны қараусыз қалған үйдің 9-шы қабатынан секіріп, суицид жасаған. Оқиға шамамен сағат 19:30 болды», -деп түсіндірді Kazinform тілшісінің сауалына ведомствоның баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта тергеу аясында суицид жасаған адамның туыстары мен таныстары анықталып, болған оқиғаның мән-жайы тексерілуде.

---

Жарияланды: 2024-02-07T04:59:19+06:00

Жаңартылды: 2024-02-07T05:02:28+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/02/07/aqmola-oblysynda-24-zhastaghy-qyz-toghyzynshy-qabattan-sekirdi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.