Ақмола облысында 24 жастағы қыз тоғызыншы қабаттан секірді

Ақмола облысында 24 жастағы қыз тоғызыншы қабаттан секірді

Ақмола облысында 24 жастағы қыз қараусыз қалған үйдің тоғызыншы қабатынан секіріп, суицид жасады, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ақмола облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай 5 ақпанда Бурабай кентінде болған.

«Биылғы жылдың 5 ақпанында Бурабай ауданында болған қыздың өз-өзіне қол салу дерегіне байланысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі (суицидке дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Алдын-ала анықталғандай, Бурабай ауылының 24 жастағы тұрғыны қараусыз қалған үйдің 9-шы қабатынан секіріп, суицид жасаған. Оқиға шамамен сағат 19:30 болды», -деп түсіндірді Kazinform тілшісінің сауалына ведомствоның баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта тергеу аясында суицид жасаған адамның туыстары мен таныстары анықталып, болған оқиғаның мән-жайы тексерілуде.