---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/02/06/baghdat-mwsin-oez-ornynda-qaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Бағдат Мусин өз орнында қалды

![Бағдат Мусин өз орнында қалды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/02/e7024d90-1eda-4b57-bc34-70015e75215b.webp)

**Мемлекет басшысының Жарлығымен Бағдат Батырбекұлы Мусин Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымына тағайындалды. **

1983 жылы Екібастұзда туған.

Сүлеймен Демирел университетін (2000-2004) «компьютердің техникалық және бағдарламалық жасақтамасы», Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын (2004-2006) «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

**Қызмет жолы:**

«NAT» АҚ, «Ізет» ЖШС және басқа да жеке компаниялар қызметкері (2004 жылға дейін)

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамында инженер-бағдарламашы, Куәландыру орталығы бөлімінің басшысы, мемлекеттік органдарда IT бөлімшелер құру департаменті директорының орынбасары (09.2004-11.2007);

«AMANAT-insurance» БК» акционерлік қоғамында ақпараттық технологиялар жөніндегі кеңесші-консультант (09.2004-11.2007);

Әділет министрінің ақпараттық технологиялар жөніндегі кеңесшісі және Ақпараттық технологиялар басқармасының басшысы (11.2007-04.2010);

Байланыс және ақпарат министрлігінде (Көлік және коммуникациялар министрлігі) Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаменті директорының орынбасары (04.2010-04.2011);

Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті төрағасының орынбасары (04.2011-03.2012);

Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің төрағасы (03.2012-04.2014);

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы (04.2014-08.2014);

«Қазпошта» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (08.2014-01.2017);

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы (01.2017-05.2018);

Bi Group құрылыс холдингі басқарма төрағасының орынбасары және корпоративтік-венчурлік қордың басшысы (05.2018-06.2019);

IT кәсіпкер, ReKassa, Tastamat және басқа да IT-стартаптардың негізін қалаушы (06.2019-03.2020);

Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі (03.2020-07.2020);

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бірінші орынбасары (07.2020-09.2020);

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі (02.09.2020 бастап).

---

Жарияланды: 2024-02-06T13:31:44+06:00

Жаңартылды: 2024-02-06T13:31:44+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/02/06/baghdat-mwsin-oez-ornynda-qaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.