---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/02/05/shymkentte-qubyrdaghy-apat-saldarynan-1500-uej-gazsyz-otyr/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Шымкентте құбырдағы апат салдарынан 1500 үй газсыз отыр

![Шымкентте құбырдағы апат салдарынан 1500 үй газсыз отыр](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/02/800x449.webp)

**2024 жылғы 3 ақпанда сағат 21:45-те Шымкенттегі Мәртөбе елді мекенінде Ду-325 мм жоғары қысымды газ құбырынан табиғи газдың шығыны анықталды, деп хабарлайды Qazaqpress Zakon.kz-ке сілтеме жасап.**
Шымкент әкімдігінің хабарлауынша, апат салдарынан 1500 жеке газ тұтынушы мен 7 өндірістік кәсіпорынға уақытша газ беру тоқтатылды.

Әкімдік қазіргі таңда қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін арнайы техникалар мен 30 қол күші жұмылдырылып, жұмыс қарқынды түрде жүргізіліп жатқанын хабарлады.

> — Қайта қосу жұмыстары қосымша хабарланады. Сіздерден газ крандарының жабық болуын қадағалауларыңызды сұраймыз. Газдың иісі байқалған жағдайда 104 апаттық қызметіне хабарласыңыздар!, — деді Шымкент әкімдігі.

---

Жарияланды: 2024-02-05T04:42:42+06:00

Жаңартылды: 2024-02-05T04:42:42+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/02/05/shymkentte-qubyrdaghy-apat-saldarynan-1500-uej-gazsyz-otyr/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.