---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/02/05/qazaqstan-uekimetin-waqytsha-roman-sklyar-basqarady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстан Үкіметін уақытша Роман Скляр басқарады

![Қазақстан Үкіметін уақытша Роман Скляр басқарады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/02/photo_461082.jpeg)

**Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндетін уақытша атқару Роман Васильевич Склярға жүктелді, деп хабарлайды Qazaqpress.**

Роман Васильевич Скляр 1971 жылы 8 мамырда Павлодар қаласында дүниеге келген.

Павлодар мемлекеттік университетін инженер-құрылысшы мамандығы бойынша, сондай-ақ Мәскеу заманауи бизнес институтын экономист мамандығы бойынша және Қазақ құқық және халықаралық қатынастар институтын заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы Екібастузуглеавтоматика МҰУ-де слесарь болып бастады.

1989-1990 жж — «Қазпромтехмонтаж» өндірістік-монтаж басқармасы Екібастұз кесінді-құрылыс басқармасының монтажшысы.

1990 жылдан — Павлодар қаласындағы «Вахинвест» кеңестік-батыс германдық бірлескен кәсіпорнының қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженері.

1990-1999 жж — «Ансат-Павлодар» ЖШС коммерциялық бөлімінің бастығы, директордың орынбасары, бас директоры.

1999-2002 жж — «Тыныс» ЖШС директоры, Павлодар қ.

2002-2003 жж — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің Павлодар облысы бойынша Басқарма басқармасының басшысы.

2003-2005 жж — Павлодар қаласының коммуналдық меншік басқармасы басшысының орынбасары.

2005 жылдың қаңтарынан — Павлодар облысы әкімінің бас инспекторы.

2005 жылдың сәуірінен — ​​Павлодар қаласы әкімі аппаратының басшысы.

2006 жылдан — Павлодар қаласы әкімінің орынбасары.

2006-2007 жж — Астана қаласы әкімі аппаратының инфрақұрылымды дамыту бөлімінің басшысы.

2007-2008 жж – Астана қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры.

2008-2010 жж — Павлодар облысы әкімінің орынбасары.

2010-2011 жж — Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары.

2011-2013 жж — Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі.

2014-2016 жж – «Қазақстан темір жолы» АҚ вице-президенті.

2016 жылы — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы.

2016 жылғы мамырдан бастап – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі.

2016-2019 жж — Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі.

2019 жылдың ақпанынан қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметін атқарған.

2019 жылғы 18 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды. 2021 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ол осы қызметке қайта тағайындалды.

2022 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

2023 жылғы 3 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары қызметіне қайта тағайындалды.

---

Жарияланды: 2024-02-05T13:03:29+06:00

Жаңартылды: 2024-02-05T13:03:29+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/02/05/qazaqstan-uekimetin-waqytsha-roman-sklyar-basqarady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.