---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/02/05/almatyda-ueshinshi-temirzhol-vokzaly-qashan-salynady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда үшінші теміржол вокзалы қашан салынады

![Алматыда үшінші теміржол вокзалы қашан салынады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/02/tbhgu8p5k6tyzywfw5hqhzzxnqiw9wjjjqf70gbo.jpg)

**Алматы-3 теміржол вокзалы Алатау ауданының аумағында салынады. Жаңа вокзалдың жобасын 2027-ші жылға қарай аяқтау жоспарда тұр, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмриннің айтуынша, Алатау ауданындағы Алматы-3 вокзалының құрылысы агломерацияны дамыту жөніндегі жобалар кешеніне кіреді.

Жаңа теміржол платформасы жүк және жолаушылар легінің бір бөлігін қайта бағдарлауға, сонымен қатар, айналымға қосымша жолаушылар пойыздарын қосуға мүмкіндік береді, соның есебінен қалалық автожол инфрақұрылымының көлік жүктемесі азаяды.

> «Вокзал Мәдениет шағын ауданы маңында салынады. Платформаны «Қазақстан темір жолы» салады. Біздің басты міндетіміз – егжей-тегжейлі жоспарлау жобасында (ЕТЖ) вокзал мен вокзал маңындағы алаңды қамтамасыз ету болды. Қазір техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленуде. Вокзал мен алаңның жобалары бойынша мерзімдер — 2026-2027 жылдар деп қарастырып отырмыз», – деді Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин.

---

Жарияланды: 2024-02-05T04:39:54+06:00

Жаңартылды: 2024-02-05T04:39:54+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/02/05/almatyda-ueshinshi-temirzhol-vokzaly-qashan-salynady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.