Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

GovTech X: мемлекеттік басқаруды жаңғыртуға арналған цифрлық құралдар

admin by admin
1 февраля, 2024
GovTech X: мемлекеттік басқаруды жаңғыртуға арналған цифрлық құралдар

Digital Almaty 2024 форумы аясында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің қатысуымен «GovTech X: мемлекеттік басқаруды жаңғыртуға арналған цифрлық құралдар» тақырыбында панельдік сессия өтті.

Байланысты

Жетісуда Жеңіс күніне орай облыс әкімінің Кубогы үшін республикалық бәйге жарысы өтті

Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоғын қойды

Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды

Панельдік сессияға спикерлер ретінде Ресей Федерациясының Цифрлық даму, байланыс және бұқаралық коммуникациялар министрі Мақсұт Шадаев, Қырғыз Республикасының Цифрлық даму министрі Нұрия Кутнаева және Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов қатысты.

Министр Бағдат Мусин электронды үкіметті енгізу көрсеткіштері жылдан жылға артып келе жатқанын, осылайша, 2023 жылы онлайн режимінде 50 млн қызмет көрсетілгенін, қызметтердің 92%-ы азаматтарға үйден шықпай-ақ қолжетімді болғанын айтты. Сондай-ақ, проактивті қызметтерді жүзеге асыру бойынша жұмыстар үнемі жүргізілуде, қазіргі уақытта мұндай қызметтердің 46 түрі бар және олар 2 млн-нан астам рет көрсетілген.

«Қазір бізде электрондық үкіметтің орасан зор экожүйесі қалыптасты, оған мемлекеттік порталдармен қатар, банктік қосымшалар еніп, басқа да сервистер мен стартаптар кіре бастады. Біз мемлекет ретінде өнімдер мен қызметтерді құруға арналған көптеген құрал түрін ұсынамыз. Govtech бойынша көшбасшылардың бірі ретінде біз өз құзыреттерімізбен, тіпті дайын өнімдерімізбен бөлісу жауапкершілігіне иеміз. Мәселен, 2023 жылы Тәжікстан Республикасына 3 жүйе берілді. Олар – CPU, Smart Bridge, GOV.kz. Біз табысты және дәлелденген өнімдерді серіктес елдерімізге қайтарымсыз ұсынамыз», –деді Бағдат Мусин.

Сондай-ақ, Цифрлық даму министрі өз сөзінде ең танымал 45 сервис пен мемлекеттік қызмет қазақстандықтарға екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы қолжетімді екенін атап өтті. Мәселен, олардың ішіндегі ең танымалдары – автокөлікті онлайн сату. Оның айтуынша, егер бұрын мәмілелердің шамамен 10%-ы ғана онлайн өтсе, мемлекеттік қызметке реинжиниринг жүргізіліп, оны банктердің қосымшаларына шығарғаннан кейін онлайн сатылымдардың үлесі 75%-ға дейін өсті.

Банктің мақұлдауын, пәтерді қайта рәсімдеуді және оны кепілге қоюды қоса алғанда, ипотека алуды іске асыру да онлайн түрде, бір тәулік ішінде көрсетіледі. Жеке кәсіпкерлікті ашу да банктердің қосымшаларында қолжетімді болды.

Мұндай жетістіктерге Қазақстанның электрондық үкіметінің негізгі компоненттері нәтижесінде қол жеткізілді. Олар – Smart Bridge интеграциялық платформасы (бизнеске жаңа өнімдер мен сервистер құруға мүмкіндік беретін мемлекеттік сервистерге бизнесті 1700-ден астам қосу), Smart Data Ukimet (деректерді айқас талдау және басқару шешімдерін қабылдауды қолдауға арналған кеңістік), GOV.kz (еліміздің бірегейленген стандарт бойынша жұмыс істейтін барлық мемлекеттік органдары сайттарының бірыңғай платформасы), Е-нотариат (цифрлық нотариат), Е-өтініш (халық үніне құлақ асатын мемлекеттің қағидаттары), Е-денсаулық (өз медициналық деректеріңе қол жеткізу) және Е-салық (салық әмияны).

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Бұл қызметтердің барлығы біздің Egov superapp-та қолжетімді. Олар – 850 сервис, қағаз нұсқаны алмастыратын 31 цифрлық құжат, мемлекеттік сервистердің маркетплейсі. Бұларға толығымен онлайн көрсетілетін нотариаттық қызметтерді және салық әмиянын, түймешені бірнеше рет басу арқылы мемлекеттік органдарға өтініш беру қызметтерін жатқызуға болады. Қазақстанда eGov mobile мобильді қосымшасын ай сайын 4 млн-нан астам адам пайдаланады.

«Енді біз қолданыстағы барлық компонентті бірыңғай GovTech платформасына – KazTech-ке біріктіреміз, онда біз қазірдің өзінде ашық регламенттер мен ережелерді енгіземіз. Біздің бағалауымыз бойынша, әр жобада орташа алғанда, шамамен 40% ұқсас процестер мен талаптарды автоматтандыру бар»,– деп қорытындылады сөзін Бағдат Мусин.

ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

«Digital Almaty-2024» VI цифрлық форумы басталды

Келесі жаңалық

«5G және байланыс сапасы»: «Digital Almaty-2024» VI цифрлық форумында телекоммуникация мәселелері талқыланды

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Жетісуда Жеңіс күніне орай облыс әкімінің Кубогы үшін республикалық бәйге жарысы өтті
Категориясыз

Жетісуда Жеңіс күніне орай облыс әкімінің Кубогы үшін республикалық бәйге жарысы өтті

9 мая, 2026
Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоғын қойды
Категориясыз

Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоғын қойды

9 мая, 2026
Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды
Категориясыз

Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды

9 мая, 2026
Meta, TikTok, Яндекс жəне басқа да платформалармен тікелей диалог: AMDG 2026 жылғы медиялық жəне видеожарнама бойынша конференция өткізеді
Категориясыз

Meta, TikTok, Яндекс жəне басқа да платформалармен тікелей диалог: AMDG 2026 жылғы медиялық жəне видеожарнама бойынша конференция өткізеді

8 мая, 2026
FlyArystan Алматыдан Қытайдың маңызды қалаларының бірі – Сианьға тікелей рейс ашады
Категориясыз

FlyArystan Алматыдан Қытайдың маңызды қалаларының бірі – Сианьға тікелей рейс ашады

8 мая, 2026
FlyArystan Қытаймен әуе байланысын күшейтеді: Ақтау – Үрімші жаңа рейсі
Категориясыз

FlyArystan Қытаймен әуе байланысын күшейтеді: Ақтау – Үрімші жаңа рейсі

8 мая, 2026
Келесі жаңалық
«5G және байланыс сапасы»: «Digital Almaty-2024» VI цифрлық форумында телекоммуникация мәселелері талқыланды

«5G және байланыс сапасы»: «Digital Almaty-2024» VI цифрлық форумында телекоммуникация мәселелері талқыланды

Алматыдағы жыл оқиғасы!

Алматыдағы жыл оқиғасы!

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Алматылық дәрігерлер әйелдің жатырынан үлкендігі қарбыздай аналық без жылауығын алып тастады

Алматылық дәрігерлер әйелдің жатырынан үлкендігі қарбыздай аналық без жылауығын алып тастады

27 августа, 2024
Бишімбаев пен Нүкенованың некесін қиған имамға қандай шара қолданылды

Бишімбаев пен Нүкенованың некесін қиған имамға қандай шара қолданылды

19 апреля, 2024
Ораза кезінде вакциналау және ПТР тестілеуге қатысты жиі қойылатын сұрақтарға Алматының бас имамы жауап берді

Ораза кезінде вакциналау және ПТР тестілеуге қатысты жиі қойылатын сұрақтарға Алматының бас имамы жауап берді

12 апреля, 2021

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ҚУАТТЫ ӨҢІРЛІК ҒЫЛЫМ – ҚУАТТЫ ӨҢІР» ҚЫЗЫЛОРДАДА ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ ПРЕЗИДИУМЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жетісу» волейбол клубына — 25 жыл: марапаттау, жас спортшылармен кездесу, мастер-класс

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Жетісуда Жеңіс күніне орай облыс әкімінің Кубогы үшін республикалық бәйге жарысы өтті
  • Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоғын қойды
  • Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.