---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/01/31/zhambyl-oblysynda-iesiz-itterdi-awlawgha-70-mln-tengge-boelingen/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Жамбыл облысында иесіз иттерді аулауға 70 млн теңге бөлінген

![Жамбыл облысында иесіз иттерді аулауға 70 млн теңге бөлінген](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/01/ae66c309-5a91-4821-b853-48c55f8b72d1.webp)

**Биыл Жамбыл облысында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауға бюджеттен 69 млн теңге бөлінген, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Бұл туралы Жамбыл облысының ветеринариялық станциясы директорының міндетін атқарушы Ғабитбек Кебеев өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Оның айтуынша, былтыр осы мақсатқа әкімдік тарапынан 55 млн теңге бөлінген. Қаражат есебінен 29387 қаңғыбас ит пен 196 мысық ауланып, оның ішінде 196 ит уақытша ұстау орнына орналыстырылған.

> «Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауға бөлінген қаржыға келер болсам, биыл бұл жұмыстарға өткен жылға қарағанда көбірек қаражат бөлінді, 69 млн 998 мың теңге. Өткен жылы облыста 29387 қаңғыбас ит пен 196 мысық ауланып, оның ішінде 196 ит уақытша ұстау орнына орналыстырылды», – деді ол брифингте.

---

Жарияланды: 2024-01-31T00:12:20+06:00

Жаңартылды: 2024-01-31T00:12:20+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/01/31/zhambyl-oblysynda-iesiz-itterdi-awlawgha-70-mln-tengge-boelingen/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.