---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/01/31/buegin-astana-almaty-men-pavlodarda-awa-lastanady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Бүгін Астана, Алматы мен Павлодарда ауа ластанады

![Бүгін Астана, Алматы мен Павлодарда ауа ластанады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/01/photo_118990.jpeg)

**31 қаңтар күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды Qazaqpress.**

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 31 қаңтар, cәрсенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Павлодар, Алматы және Астана қалаларында ғана ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

---

Жарияланды: 2024-01-31T00:03:38+06:00

Жаңартылды: 2024-01-31T00:03:38+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/01/31/buegin-astana-almaty-men-pavlodarda-awa-lastanady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.