---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/01/31/almatyda-zhuerekke-shaghyn-invazivti-ota-zhasaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда жүрекке шағын инвазивті ота жасалды

![Алматыда жүрекке шағын инвазивті ота жасалды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/01/almatyda-zhuerekke-shaghyn-invazivti.jpeg)

Алматы Қалалық кардиологиялық орталығына жүгінген 71 жастағы науқас қатты ентігу мен бүкіл денесіндегі әлсіздікке шағымданды. Тексеру жүргізілгеннен кейін оның қолқа қақпақшасының айқын стенозы анықталды.

Қолқа стенозы — жүрек қақпақшасының тарылуы, ол арқылы жүректен қан қолқаға еніп, одан әрі бүкіл денеге таралады. Қолқа қақпақшасының стенозы кезінде органдар қанның жеткіліксіз мөлшерін алады. Мұндай диагноз қойылғаннан кейін қысқа уақыт ішінде өлімге әкелуі мүмкін қауіпті жағдай. Ауру емделмесе, пациент миокард инфарктісі, ми ишемиясы және инсульт сияқты ауыр әрі өмірге қауіп төндіретін асқыну болуы мүмкін.

Науқасқа шұғыл ота жасау қажет болды. Оған кеуде қуысын кесусіз феморальды артериядағы кішкене пункция арқылы қолқа қақпағы TAVI отасы барысында ауыстырылды. Отаның бұл түрі хирургиялық араласуды кесусіз және ең аз оңалту кезеңімен жүргізуге мүмкіндік береді. Транскатетерлі қолқа клапанын имплантациялау (TAVI) — қолқа клапанын ауыстыратын минималды инвазивті процедура.

«Ота жергілікті ауырсынуды басу арқылы жасалды, бұл пациенттің ота кезінде есін біліп жатуға мүмкіндік беріп, мидың күйін бақылауға және жедел цереброваскулярлық бұзылыс түріндегі ықтимал асқынудың алдын алуға мүмкіндік берді. Төс сүйегінің кесілмеуі, жасанды қан айналымы қажетсіздігі, минималды жарақат және тез қалпына келу — TAVI отасының негізгі артықшылығы. Отадан 3 күн өткен соң науқас ауруханадан үйге шығарылды. Ентігу толығымен жойылып, жалпы әл-ауқаты айтарлықтай жақсарды», — дейді Қалалық кардиологиялық орталықтың интервенциялық кардиологы Айжан Құланбаева.

Мұндай TAVI оталар маңызды, өйткені оны денсаулық жағдайына байланысты ашық жүрек отасын жасай алмайтын науқастарға жасауға болады. Мұндай ота бауыр мен бүйрек қызметі бұзылған, сонымен қатар, жүрек пен өкпенің ауыр дерті бар егде жастағы науқастар үшін маңызды. Себебі жүрекке ашық отаны көптеген егде жастағы адам қатар жүретін аурулардың болуына байланысты шыдай алмайды.

---

Жарияланды: 2024-01-31T09:04:09+06:00

Жаңартылды: 2024-01-31T09:04:09+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/01/31/almatyda-zhuerekke-shaghyn-invazivti-ota-zhasaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.