---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/01/29/majqajyng-altyndaghy-apat-qutqarwshylar-avtobwstyng-dongghalaghyna-zhetti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# «Майқайың алтындағы» апат: Құтқарушылар автобустың доңғалағына жетті

![«Майқайың алтындағы» апат: Құтқарушылар автобустың доңғалағына жетті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/01/whatsappimage20240108at1220391p70362-a9675499.jpg)

**Майқайың алтын кенішіндегі ойық түбін қазып жатқан құтқарушылар автобустың дөңгелегіне жетті, деп хабарлайды Qazaqpress.**

Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Телеграмдағы каналында хабарлады.

> «4 қаңтардан бастап «Майқайың-алтын» АҚ кеніш аумағындағы опырылған жерде іздестіру жұмыстары тоқтаусыз жалғасып жатыр. Шұңқырдың түбіндегі шағын эксковатормен қатар гидравликалық балғасы бар екінші қосымша экскаватор жұмыс істеуде. Оның көмегімен үлкен тастар ұсақталуда. Мен қазір оқиға орнындамын. Бүгінгі жұмыс барысында құтқарушылар автобустың дөңгелегіне жетті. Қазіргі уақытта бұл шұңқырға құлаған автобустың ең үлкен бөлігі. Іздестіру жұмыстары жалғасуда» деп жазды облыс басшысы.

 

---

Жарияланды: 2024-01-29T12:30:42+06:00

Жаңартылды: 2024-01-29T12:30:42+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/01/29/majqajyng-altyndaghy-apat-qutqarwshylar-avtobwstyng-dongghalaghyna-zhetti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.