Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Басты

Атырау облысында экологияны бүлдіргендерге 48 млрд теңге айыппұл салынған

admin by admin
25 января, 2024
Атырау облысында экологияны бүлдіргендерге 48 млрд теңге айыппұл салынған
Buy JNews
ADVERTISEMENT

Атырау облысында былтыр қоршаған ортаны ластауға байланысты 44 дерек анықталды. Экологияны бүлдіргендерге салынған айыппұлдың көлемі 48 млрд теңгені құраған, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Атырау облысы бойынша экология департаментінің басшысы Әлібек Бекмұхаметовтің мәліметіне сүйенсек, өткен жылы жоспардан тыс 33 тексеру жүргізілген. Тексеру қорытындысы бойынша экологиялық заңнама талаптарының 44 бұзушылығы анықталып, оны жою туралы 27 нұсқама берілген.

Байланысты

Жануарларға мейірімді бол: Жаңа адамдар жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетіне арналған акция өткізді

Әлемге танымал киберспортшы Данил «Molodoy» Голубенко Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадоры атанды

Жезқазғанда «Қазақмыс» металлургтері жоғары марапаттарға ие болды

«Анықталған заң бұзушылықтарға қатысты 151 әкімшілік іс қозғалып, 48 миллиардтан астам теңге көлемінде әкімшілік айыпұл салынды. Мәселен, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-ға қатысты жоспардан тыс 6 тексеру жүргізілді. Тексерулер кезінде алау қондырғысында газ жағуды белгіленген нормативте көрсетілмеген эмиссияда жүзеге асырғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328-бабының 3-бөлігімен хаттамалар жасақталды. Сәйкесінше, сот қаулыларымен «АМӨЗ» ЖШС-ға эмиссияның тиісті көзін немесе өндірістік учаскені пайдалану туралы экологиялық рұқсатты тоқтатпай, шамамен 17 млн теңге көлемінде айыппұл салынып, толықтай өндірілді», -деді Әлібек Бекмұхаметов.

Департамент басшысының орынбасары Сырым Тілегеновтің айтуынша, өнеркәсіптік шығарындылардың сынамаларын алу үшін арнайы орындармен жабдықталмаған, эмиссияға автоматтандырылған мониторинг жүйесі енгізілмеген. Қалдықтарды басқару талаптары бұзылған. Сол себептен, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 344 және 325-бабымен 862 500 теңгенің айыппұл салынған.

«Ал, «Karabatan Utility Solutions» ЖШС-нің қызметіне қатысты 4 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Серіктестік тарапынан қондырғыға алынған квота нормасын асыру, жерді бүлдіру, берілген нұсқаманы орындамау түріндегі бұзушылықтар анықталды. Осыған байланысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 329 және 462-бабымен хаттамалар жасақталып, қарау үшін сотқа жолданды. Сот шешімімен «KUS» ЖШС-ға салынған 7 млрд теңге өндірілді», -деді Сырым Тілегенов.

Сондай-ақ, «Теңізшевройл», «Kazakhstan Petrochemical Industries INC.», «China National Chemical Engineering Co. LTD», «Oxygenator», «Қамқор Локомотив», «Жылыой Болашақ» ЖШС мен «Жылыой Су» МКК-ға жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілген. Тексерулердің қорытындысы бойынша 39 млрд 1 млн 231 мың теңге көлемінде айыппұл салынған.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Құлсары қаласындағы топтық төбелес: жарақат алған бір жасөспірім көз жұмды

Келесі жаңалық

Алматы маңында бір түнде алты жер сілкінісі болды

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Жануарларға мейірімді бол: Жаңа адамдар жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетіне арналған акция өткізді
Категориясыз

Жануарларға мейірімді бол: Жаңа адамдар жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетіне арналған акция өткізді

19 июля, 2026
Әлемге танымал киберспортшы Данил «Molodoy» Голубенко Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадоры атанды
Мәдениет

Әлемге танымал киберспортшы Данил «Molodoy» Голубенко Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадоры атанды

19 июля, 2026
Жезқазғанда «Қазақмыс» металлургтері жоғары марапаттарға ие болды
Категориясыз

Жезқазғанда «Қазақмыс» металлургтері жоғары марапаттарға ие болды

18 июля, 2026
Астанада фиджитал спорт бойынша әлемдегі ең ірі халықаралық турнирлердің бірі – Болашақ ойындары өтеді.
Категориясыз

Астанада фиджитал спорт бойынша әлемдегі ең ірі халықаралық турнирлердің бірі – Болашақ ойындары өтеді.

17 июля, 2026
Балқашта Металлург күніне арналған салтанатты марапаттау рәсімі өтті
Категориясыз

Балқашта Металлург күніне арналған салтанатты марапаттау рәсімі өтті

17 июля, 2026
Жаңа адамдар мен Дала Қырандары Әділет партиясының жастар қанатын құру ниеті туралы келісім жасасты
Категориясыз

Жаңа адамдар мен Дала Қырандары Әділет партиясының жастар қанатын құру ниеті туралы келісім жасасты

17 июля, 2026
Келесі жаңалық
Жер сілкінісі кезінде қалай қорғану керек

Алматы маңында бір түнде алты жер сілкінісі болды

Ақмола облысында қоғам белсендісін өлтіргендер сотталды

Ақмола облысында қоғам белсендісін өлтіргендер сотталды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Қазақ жерінің қилы тағдыры

Қазақ жерінің қилы тағдыры

29 апреля, 2025
Пневмониядан тағы 3 адам қайтыс болды

Елімізде тағы қанша адамнан пневмония анықталды?

14 июня, 2021
Air Astana-ның операциялық қызметі: мәселелер және даму жоспарлары

Air Astana-ның операциялық қызметі: мәселелер және даму жоспарлары

8 августа, 2022

Топ жаңалықтар

  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірісті басқарудың бірыңғай цифрлық экожүйесін қалыптастыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Жануарларға мейірімді бол: Жаңа адамдар жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетіне арналған акция өткізді
  • Әлемге танымал киберспортшы Данил «Molodoy» Голубенко Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадоры атанды
  • Жезқазғанда Металлург күніне арналған ауқымды Metallurg Fest өтті

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.