---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/01/24/qulsary-qalasyndaghy-toptyq-toebeles-zharaqat-alghan-bir-zhasoespirim-koez-zhumdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Құлсары қаласындағы топтық төбелес: жарақат алған бір жасөспірім көз жұмды

![Құлсары қаласындағы топтық төбелес: жарақат алған бір жасөспірім көз жұмды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/01/2024_01_03_crop-12_19_773x1180_5dd4725a277f8498474983.webp)

**Атырау облысындағы Құлсары қаласының жастары тағы да топталып төбелесті. Топтық төбелес кезінде жарақат алған бір жасөспірім аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болған, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, топтық төбелес 19 қаңтарда түнгі мезгілде болған.

> «Жылыой ауданының орталығы — Құлсары қаласында түнгі сағат 03:05 шамасында топтық төбелестің болғаны анықталды. Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шарасын жүргізді. Құқық бұзушылыққа қатысы бар күдіктілердің бәрі ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Топтық төбелестің салдарынан 3 адам түрлі дене жарақатымен Жылыой аудандық орталық ауруханасына жеткізілген. Оның бірі — 2006 жылғы жасөспірім аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмған.

> «Полиция қызметкерлері топтық төбелеске байланысты 2000 және 2007 жылы туған күдіктілерді қамауға алды. Қазір күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», — деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.

---

Жарияланды: 2024-01-24T00:25:15+06:00

Жаңартылды: 2024-01-24T00:25:15+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/01/24/qulsary-qalasyndaghy-toptyq-toebeles-zharaqat-alghan-bir-zhasoespirim-koez-zhumdy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.