---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/01/22/petropavl-turghyny-facebook-te-zhala-zhapqany-ueshin-20-taewlikke-qamaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Петропавл тұрғыны Facebook-те жала жапқаны үшін 20 тәулікке қамалды

![Петропавл тұрғыны Facebook-те жала жапқаны үшін 20 тәулікке қамалды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/01/rian_6464516.hr_.ru_1-scaled.jpg)

**Петропавл қаласының әкімшілік мамандандырылған соты көрінеу жалған ақпарат таратқан Петропавл тұрғынының ісін қарады, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының мәліметінше, осы жылдың 4 қаңтарында К. есімді адам Facebook әлеуметтік желісін пайдалана отырып, өзінің жеке парақшасында ішкі істер органдарының қайтыс болған бұрынғы қызметкері, қылмыстық-атқару жүйесінің зейнеткері Б-ның абыройына нұқсан келтіретін көрінеу жалған ақпарат таратып, жазба қалдырады.

Тергеу барысында К-ның таратқан ақпараты негізсіз және дәлелсіз екені анықталды.

Б-ның атынан сотқа беруші К-ның жала жауып отырғанын дәлелдейтін дәлелдемелерді, атап айтқанда СҚО полиция департаменті қауіпсіздік қызметі басқармасынан, СҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаментінен Б-ға қатысты К-ның атынан арыз-шағымның болмауына байланысты ешқандай қызметтік тергеу жүргізілмегендігі туралы анықтамаларды ұсынды.

Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 73-3-бабының 2-бөлігінің санкциясымен 80 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салу немесе 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу көзделген.

Сот қаулысымен К. 20 тәулікке қамаққа алынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

---

Жарияланды: 2024-01-22T07:57:13+06:00

Жаңартылды: 2024-01-22T07:57:13+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/01/22/petropavl-turghyny-facebook-te-zhala-zhapqany-ueshin-20-taewlikke-qamaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.