---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/01/19/ulttyq-quryltaj-quramyna-zhanga-muesheler-endi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ұлттық құрылтай құрамына жаңа мүшелер енді

![Ұлттық құрылтай құрамына жаңа мүшелер енді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/01/photo_433919.jpeg)

**Ұлттық құрылтайдың жұмысына жұртшылықтың жаңа өкілдері енді және бірқатар бұрынғы мүшелер шығарылды, деп хабарлайды Qazaqpress Akorda.kz-ке сілтеме жасап.**

​Ұлттық құрылтайдың жұмысына жұртшылықтың жаңа өкілдері – ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева, «Қазақстан кәрістер қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Юрий Шин, Қазақстанның Еңбек Ері, Семей қаласындағы № 7 мектеп-лицейінің мұғалімі Алма Шұқыжанова, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Нұрлан Әуесбаев, Никита Шаталов, Zhubanov university басқарма-төрағасы, ректор Лаура Қарабасова, пара жеңіл атлетика бойынша спортшы Айсұлу Сүлейменова, дүнген этносының көшбасшысы Лугмар Буларов, «Азаттық рухы» ақпараттық агенттігінің тележүргізушісі, журналист Кристина Гринько тартылды.​

Бұдан бөлек құрамға бірнеше аймақтан қоғамдық кеңес мүшелері кірді.​

Ұлттық құрылтай құрамынан Б. Әлтеев, А. Толамысов, Г. Қанай, С. Огай, Ж. Дайрабаев, Қ. Майгелдінов, Б. Уәли, А. Тимощенко-Боровикова, С. Сарыбай, Д. Тұрлыханов, А. Лодочников, С. Құранбек, Э. Суларов шығарылды.​

Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында хабарланғандай көктемде өтетін Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысына дайындық жұмыстары жүргізілуде.

---

Жарияланды: 2024-01-19T05:11:10+06:00

Жаңартылды: 2024-01-19T05:11:10+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/01/19/ulttyq-quryltaj-quramyna-zhanga-muesheler-endi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.