---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/01/19/dimash-qudajbergen-men-plasido-domingo-dwetining-tusawkeseri-oetedi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Димаш Құдайберген мен Пласидо Доминго дуэтінің тұсаукесері өтеді

![Димаш Құдайберген мен Пласидо Доминго дуэтінің тұсаукесері өтеді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/01/f47168b5-57e3-435a-8b78-65fcdd42c574.webp)

**19 қаңтар күні әлемге әйгілі опера әншісі Пласидо Доминго мен қазақстандық жас әнші Димаш Құдайбергеннің бірлесіп шырқаған композициясының тұсаукесері өтеді, деп хабарлайды Qazaqpress.**

Бұл туралы Димаш әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

> «Ертең ХХ ғасырдың айтқысыз дауыс иесі Пласидо Домингомен бірлескен өнеріміздің тұсаукесері өтеді, біз Жорж Бизенің 1863 жылғы «The pearl Fishers» операсынан дуэт орындадық», — деп жазды Д.Құдайберген.

Димаштың Еуразиялық фан-клубының парақшасында жарияланған мәліметке сүйенсек, қос жұлдыз дуэтінің тұсаукесері 19 қаңтар күні Будапештте Virtuosos V4+ халықаралық жобасының финалы барысында өтпек. Ақтық кезеңнің екінші бөлігі 26 қаңтарға жоспарланған. Балалар арасындағы классикалық музыка бәсекесі жобаның YouTube арнасында тікелей эфирден көрсетіледі.

Пласидо Доминго бұл байқауда – халықаралық қазылар алқасының төрағасы. Төрешілер қатарында, сондай-ақ Эрика Миклоша (Мажарстанның опера әншісі) және Андраш Келлер (мажарстандық скрипкашы, Келлер квартетінің негізін қалаушы) бар және бұл құрамға биыл алғаш рет қазақстандық әнші Димаш Құдайберген қосылып отыр.

Айта кетейік, биылғы 4 мамырда Будапеште Димаштың жеке концерті өтеді.

---

Жарияланды: 2024-01-19T05:26:04+06:00

Жаңартылды: 2024-01-19T05:26:04+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Мәдениет](https://qazaqpress.kz/category/maedeniet/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/01/19/dimash-qudajbergen-men-plasido-domingo-dwetining-tusawkeseri-oetedi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.