---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/01/19/almaty-oblysynda-swdya-para-alghany-ueshin-sottaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматы облысында судья пара алғаны үшін сотталды

![Алматы облысында судья пара алғаны үшін сотталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/01/photo_336379.jpeg)

**Алматы облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы сотталды, деп хабарлайды Qazaqpress Антикор мәліметіне сілтеме жасап.**

Антикор мәліметінше, биыл 17 қаңтарда Алматы облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы А. Абдрахмановқа және басқа да адамдарға қатысты үкім шығарылды.

> — Судьяның заңсыз қызметін бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жоғарғы Сотпен бірлесіп тоқтатқан.
> 
> 
> 
> 
> А. Абдрахманов Қарасай ауданы Мемлекеттік кірістер басқармасының Өндіріп алу бөлімінің басшысы А. Асилбековтың көмегімен екі ЖШС-ті банкрот деп танығаны үшін кәсіпкерден пара алды деп айыпталды. Қонаев қалалық сотымен А. Абдрахманов 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды, — делінген хабарламада.

Асилбековке 122,5 миллион теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалған.

> — Пара беруші 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталды. Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылады.
> 
> 
> 
> 
> ҚР ҚК 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

---

Жарияланды: 2024-01-19T05:05:45+06:00

Жаңартылды: 2024-01-19T05:08:13+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/01/19/almaty-oblysynda-swdya-para-alghany-ueshin-sottaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.