---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/01/18/almatyda-200-koeshe-zhanga-atawdy-qazhet-etedi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда 200 көше жаңа атауды қажет етедi

![Алматыда 200 көше жаңа атауды қажет етедi](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/01/1643610170f7ws6_1600x900.jpg)

**Бүгінгі күні Алматыда 200 көше жаңа атауды қажет етедi. Бұл туралы Ерболат Досаевтың Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында мәлім болды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Түрксіб ауданы тұрғындарының бірі көше атауына қатысты мәселені көтерді.

> «Түрксіб — тарихы терең, көне аудандардың бірі. Өкінішке орай, көшелердің көбіне өзге ұлт өкілдерінің есімі берілген. Неге сол көшелердің атауын өзіміздің халыққа еңбегі сіңген батырларымыздың, ақын-жазушыларымыздың, саяси тұлғалардың есіміне ауыстырмасқа. Бұл мүмкін бе?»,- деп сұрады аудан тұрғыны.

Алматы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаевтың айтуынша, мегаполисте жаңа атауды қажет ететін 200 көше бар. Тең жартысының атауы мүлдем жоқ.

> «Аталған көшелер бойынша өтініштерді қалалық ономастика комиссиясы қарады. Енді республикалық комиссияның жауабын күтіп отырмыз. Жалғыз Түрксіб ауданы емес, қаладағы сегіз ауданда да ескі атаумен қалған көшелер бар»,- деді Ерболат Досаев.

---

Жарияланды: 2024-01-18T06:45:45+06:00

Жаңартылды: 2024-01-18T06:45:45+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/01/18/almatyda-200-koeshe-zhanga-atawdy-qazhet-etedi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.