---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/01/17/qwandyq-bishimbaevqa-taghy-bir-bap-bojynsha-ajyp-taghylyp-otyr/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қуандық Бишімбаевқа тағы бір бап бойынша айып тағылып отыр

![Қуандық Бишімбаевқа тағы бір бап бойынша айып тағылып отыр](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/01/photo_450646.jpeg)

**Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев тағы бір бап бойынша айыпталып жатыр, деп хабарлайды ****Qazaqpress КТК телеарнасына сілтеме жасап.**

Бұған дейін бұрынғы министрге қатысты іс «Аса қатігездікпен кісі өлтіру» бабы бойынша тергелген еді.

Енді Бишімбаевқа ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы 2- тармағы, яғни «Азаптау» бойынша қосымша айып тағылып отыр. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ал Нүкенова көз жұмған Гастро-орталықтың директорына қатысты тергеу аяқталды. Ол «Қылмысты жасырып қалу» бабы бойынша істі болып отыр.

Қазір тараптар материалдың мазмұнымен танысуды бастап кетті.

Еске салайық, 9 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ұсталғаны белгілі болды. Астанадағы мейрамханалардың бірінде келушілер арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйел алған жарақатынан көз жұмған. Болжам бойынша, әңгіме экс-министрдің әйелі туралы. Бишімбаевтың ұсталғаны туралы хабарламамен қатар Астана полициясы ер адамның ұсталғаны туралы пікір білдірді. Бірақ оның аты-жөнін нақтыламады.

Сондай-ақ, сағат 19:54-те астаналық жедел медициналық қызмет көрсету станциясы пультіне қоңырау түскен. Жедел жәрдем бригадасы жеткенде 1992 жылы туған әйелдің қаза болғаны расталды. Кейін марқұмның 31 жастағы Салтанат Нүкенова екені белгілі болды. Ол — Қуандық Бишімбаевтың әйелі.

---

Жарияланды: 2024-01-17T04:00:44+06:00

Жаңартылды: 2024-01-17T04:00:44+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/01/17/qwandyq-bishimbaevqa-taghy-bir-bap-bojynsha-ajyp-taghylyp-otyr/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.