---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/01/17/ewraziyalyq-bank-oezbekstanda-enshiles-bank-ashwgha-dajyndalwda/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Еуразиялық банк Өзбекстанда еншілес банк ашуға дайындалуда

![Еуразиялық банк Өзбекстанда еншілес банк ашуға дайындалуда](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/01/evrazijskij-bank-.jpeg)

Еуразиялық банк Өзбекстан Республикасында банктік лицензия алу процесінің сәтті аяқталғаны туралы хабарлайды. Өзбекстан Республикасының Орталық банкі 2024 жылғы 11 қаңтарда   «Еуразиялық банк» акционерлік қоғамының еншілес банкін тіркеу және  банк қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру туралы шешім қабылдады.

«Бұл стратегиялық оқиға жаңа перспективалар мен мүмкіндіктер ашады, сондай-ақ өзбек реттеушісі  атап өткендей, біздің кәсібилігіміздің жоғары деңгейі мен сенімімізді растайды, — дейді Еуразиялық банк Басқармасының төрағасы Ляззат  Сатиева, — біз автокредит және POS-кредиттеу нарығындағы және басқа қаржылық қызметтегі жұмыс тәжірибемізді Өзбекстанда офлайн, сонымен қатар онлайн арналарда пайдалана алатынымызға сенімдіміз».

Өзбекстан нарығы — қаржы қызметтерін ілгерілету үшін Орталық Азиядағы ең тартымды және болашағы бар нарықтардың бірі. Ел соңғы бірнеше жылда ЖІӨ-нің 5-6% орташа өсімін көрсетіп келеді.

Банк қажетті рәсімдеу және ұйымдастырушылық мәселелер шешілгеннен кейін биылғы жылы Ташкентте еншілес банк филиалының офисі  мен бөлімшесі ашылады деп күтуде.

---

Жарияланды: 2024-01-17T11:01:21+06:00

Жаңартылды: 2024-01-17T11:01:21+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Экономика](https://qazaqpress.kz/category/ekonomika/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/01/17/ewraziyalyq-bank-oezbekstanda-enshiles-bank-ashwgha-dajyndalwda/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.