Еуразиялық банк Өзбекстан Республикасында банктік лицензия алу процесінің сәтті аяқталғаны туралы хабарлайды. Өзбекстан Республикасының Орталық банкі 2024 жылғы 11 қаңтарда «Еуразиялық банк» акционерлік қоғамының еншілес банкін тіркеу және банк қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру туралы шешім қабылдады.
«Бұл стратегиялық оқиға жаңа перспективалар мен мүмкіндіктер ашады, сондай-ақ өзбек реттеушісі атап өткендей, біздің кәсібилігіміздің жоғары деңгейі мен сенімімізді растайды, — дейді Еуразиялық банк Басқармасының төрағасы Ляззат Сатиева, — біз автокредит және POS-кредиттеу нарығындағы және басқа қаржылық қызметтегі жұмыс тәжірибемізді Өзбекстанда офлайн, сонымен қатар онлайн арналарда пайдалана алатынымызға сенімдіміз».
Өзбекстан нарығы — қаржы қызметтерін ілгерілету үшін Орталық Азиядағы ең тартымды және болашағы бар нарықтардың бірі. Ел соңғы бірнеше жылда ЖІӨ-нің 5-6% орташа өсімін көрсетіп келеді.
Банк қажетті рәсімдеу және ұйымдастырушылық мәселелер шешілгеннен кейін биылғы жылы Ташкентте еншілес банк филиалының офисі мен бөлімшесі ашылады деп күтуде.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз