---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/01/16/qazaqstannyng-avtokoelik-naryghy-transformaciyagha-ushyrawda-freedom-finance-global-kompaniyasynyng-zerttewi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстанның автокөлік нарығы трансформацияға ұшырауда – Freedom Finance Global компаниясының зерттеуі

![Қазақстанның автокөлік нарығы трансформацияға ұшырауда – Freedom Finance Global компаниясының зерттеуі](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/01/result-scaled.jpg)

2023 жыл Freedom Finance Global компаниясы жүргізген салалық зерттеудіңқорытындысы бойынша Қазақстанның автокөлік нарығыныңқазіргітарихындағы еңмаңызды кезеңдердіңбірі деп аталды. Бастапқы және қайталама автомобиль нарықтарын талдау кезінде ашықдереккөздерден алынған деректер,кәсіби қатысушылар мен сарапшылардың пікірлері, сондай-ақ автокөліксатып алу туралы шешім қабылдайтын қазақстандық автокөлік иелері мен жүргізушілердің сауалнамасының нәтижелері ескерілді. Былтырғы жылы еліміздегі жеңіл автомобильдер санының өсуі 2013—2022жылдардағы кезең –10 жылдағы көрсеткіштерден асып түсті.

Халықтың автомобильдермен қамтамасыз етілуі пандемияға дейінгі деңгейден асып түсті. Елімізде бензинмен жүретін автокөліктер мен шағынлитраждыкөліктердің үлесі өсуде. Электркарлардыңөсу қарқыны үш таңбалы пайыздық көрсеткіштерге жетті. Қытайлық автоөнеркәсіптің үлесі елдегі жаңа автомобильдердің барлықсатылымының төрттен біріне жетті.

Талдаушылардыңболжауынша, Hyundai және Chevrolet жеке брендтер ретінде көшбасшылық позицияларын сақтап қалады, бірақ қытайлық автомобильдердің жалпы сатылымы 2024 жылы нарықта басым болады. Екінші жағынан, қытайлық автомобильдердің қосалқыбөлшектерініңтапшылығы кем дегенде тағы бір жарым-екі жыл бойы сақталады депболжануда. Болашақта елдегі электркарлардыңөсу қарқыны қызмет көрсету желілерінің дамуына және осы автомобильдерді елге импорттау шығындарына байланысты болады. Сондай-ақ, жеке сатушыларда да, сондай-ақдилерлерде деқытайлық электркарлардыңмодельдері кеңейеді депкүтілуде.

Аңсар Абуев, Freedom Finance Globalкомпаниясының талдаушысы:

«2023 жылды Қазақстанның автомобиль нарығының қазіргі тарихында бетбұрыскезеңдеп атауға болады.Оның себебі еліміздегікөліксанының күрт өсуіндеғана емес,сондай-аққазақстандықтардың жаңаөзгерістергебұрынғыдан даашық болуына байланыстыболып отыр.Автокөлік нарығы бұл–тұрақтыпікірлер, стереотиптер, консерватизм және прагматизмтуралыжиіайтылатын орын. Алайда, Қазақстан үшінсұранысы төменинженерлік шешімдермен жабдықталғанқытайлықавтомобильдердің белсендітүрдеөсуі жергілікті сатып алушының парадигмасының өзгергенін көрсетті. Қазір бізіріойыншылардың жаңаүрдістергебейімделіп, трендтен қалмай жатқанынкөріп отырмыз.Былтырғы жыл өсудің жалғасуында айтарлықтай үлкен із қалдырды және 2024 жылы оның бізді қайда апаратынына куә боламыз».

Freedom Finance Globalкомпаниясыныңталдаушылары автомобиль бағаларыныңсерпіні2024 жылы өседі деп болжайды.Бағалардың өсушамасыинфляциякөрсеткішінебайланысты болады. Автомобильдердіңбағалары 2024 жылы 12-17%-ғаөседі депкүтілуде. Соныменбірге,талдаушылардың болжамы бойынша, биыл автокөлік нарығының өсу қарқыны инфляцияның төмендеу қарқыныныңбәсеңдеуіменбірге төмендейді, дегенмен олар жергілікті нарық үшін салыстырмалы түрде жоғары болып қала береді.

Қазақстанның ескі автопаркінарықтағы проблемалардың бірі болып саналады. Сонымен қатар, орташастатистикалықтұтынушы үшін автомобильдердің қол жетімділігініңтөмен болуы, автомобильдердің тарихы мен заңжүзіндетазалығының болмауы, салондарда жаңа автомобильдердің жетіспеушілігі, премиум сегментті автомобильдерді сатудағытоқырау,айдалғанавтомобильдердің қосалқыбөлшектерінің қымбаттығы,автомобиль нарығындасұраныстың жоғары деңгейі жәнеоғансәйкес келмейтін ұсыныс, сондай-ақTrade-inбағдарламасынадегенсұраныстың төмен болуысияқты жағымсыз факторларкөзге түседі.

Кешенді зерттеу барысында компания автомобильдіжүргізудетәжірибесі бар және оны сатып алу туралы шешім қабылдайтын 18 жастан асқан Қазақстан Республикасының 1021 тұрғынына онлайн-сауалнама жүргізді. Сауалнамаға қатысушылардың басым көпшілігінде отбасының меншігінде бір (82,9%) немесе екіавтомобиль(15,8%) бар. Сауалнамаға қатысқандардың тек 1,4%-ныңүш немесе одан да көп жеңіл көліктері бар.Көбіне Алматы қаласының тұрғындары бір автомобильдіңиелері болып табылады (Шымкент қаласында 75%-ға және Астана қаласында 72,8%-ға қарағанда 86,5%-ды құрайды). Екі автомобиль көбінесе елорда мен Шымкент тұрғындарының меншігіндеболып жатады(тиісінше 24,7% және 25%).

Қазақстандықтар арасындасұранысы жоғарыавтомобильдердің үздік5маркасына Toyota (13,8%), ВАЗ ЛАДА (11,4%), Volkswagen (8,8%) және кореялық KIA (7,8%) және Hyundai (7,1%) автобрендтері кіреді.Қазақстандағы жеңіл автомобильдер паркінің жылыескірген көліктің басым екендігін білдіреді.Респонденттердің автомобильдерінің жартысынан көбі 2016-2022 жылдар аралығында сатып алынды (58,9%), бұл ретте олар көбінесе айдалған автокөліктерді сатып алды (жаңа автокөліктердің 26,4%-на қарағанда 73,6%-ды құрайды). Сауалнамаға қатысқан әрбір төртінші адам автомобильді мамандандырылған ресми дилерлерден (24,8%) немесе өзінің тұрғылықты жері бойынша қайталама автомобильдер нарығынан (23%) сатып алды.Автокөлік иелерінің көпшілігі — 67,8% көлік бағасыныңтолық құнын бірден төлеп, көлікті сатып алды. Сауалнамаға қатысқандардың 29,7%-ы кредиттеу қызметтерін пайдаланды.

Сондай-ақ, зерттеушеңберіндесаланың жоғары білікті өкілдерімен сараптамалық сұхбат жүргізілді. Кәсіби мамандардың пікірінше, Қазақстанның автомобиль нарығы бүгінгітаңдадаму сатысындажүріп жатыр.Алайда, олардың пікірінше, сату мен тұтынудың белсенді өсу кезеңіөтіп кеттіжәне алдағыбір-екі жылда нарықта(қайталаманарықта да, сондай-ақбастапқынарықта да)тоқырау болады деп күтілуде. Қазақстанның автомобиль нарығы, сауалнамаға қатысқандардың пікірінше,«қызылмұхит»идеясын көрсетеді:бәсекелестігі жоғары және бизнесті жүргізу үшін түсінікті қағидалары бар қалыптасқан нарық, мұнда сұраныс жасаудың және сатудың қандай да бір тәсілдерін ойлап табудың қажеті жоқ.

Сарапшылардың 2024 жылға арналған болжамдары бойынша,Қазақстанның автомобиль нарығында сатылымның өсуі бәсеңдейді деп күтуде. Алайда, олардың көбі алдағы уақыттабазалық мөлшерлеме төмендеуі, соның салдарынан халық үшін кредиттердің қолжетімділігі артуы мүмкін екенін атап өтті. Қытайлық автоөнеркәсіптің кеңеюі басқа өндіруші елдердің автомобильдеріне деген сұраныстың төмендеуіне тікелей әсер етеді, деп санайды сұхбатқа қатысушылар.Сондай-ақ, жаңа автомобильдерге деген тұтынушылық сұраныс өседі, автомобильдердің құны 10-20%-ғаөседі, айдалған автомобильдерге деген тұтынушылық сұраныс төмендейді деп болжануда.

Зерттеуге сілтеме: <https://ffin.kz/kk/research/11-qazaqstannynh-avtonaryghyn-zertteu-salanynh-transformatsiyasyn-taldau>

---

Жарияланды: 2024-01-16T15:05:15+06:00

Жаңартылды: 2024-01-16T15:05:15+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Бизнес](https://qazaqpress.kz/category/biznes/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/01/16/qazaqstannyng-avtokoelik-naryghy-transformaciyagha-ushyrawda-freedom-finance-global-kompaniyasynyng-zerttewi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.