Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Бизнес

Қазақстанның автокөлік нарығы трансформацияға ұшырауда – Freedom Finance Global компаниясының зерттеуі

admin by admin
16 января, 2024
Қазақстанның автокөлік нарығы трансформацияға ұшырауда – Freedom Finance Global компаниясының зерттеуі

2023 жыл Freedom Finance Global компаниясы жүргізген салалық зерттеудің қорытындысы бойынша Қазақстанның автокөлік нарығының қазіргі тарихындағы ең маңызды кезеңдердің бірі деп аталды. Бастапқы және қайталама автомобиль нарықтарын талдау кезінде ашық дереккөздерден алынған деректер, кәсіби қатысушылар мен сарапшылардың пікірлері, сондай-ақ автокөлік сатып алу туралы шешім қабылдайтын қазақстандық автокөлік иелері мен жүргізушілердің сауалнамасының нәтижелері ескерілді. Былтырғы жылы еліміздегі жеңіл автомобильдер санының өсуі 2013—2022 жылдардағы кезең – 10 жылдағы көрсеткіштерден асып түсті.

Халықтың автомобильдермен қамтамасыз етілуі пандемияға дейінгі деңгейден асып түсті. Елімізде бензинмен жүретін автокөліктер мен шағын литражды көліктердің үлесі өсуде. Электркарлардың өсу қарқыны үш таңбалы пайыздық көрсеткіштерге жетті. Қытайлық автоөнеркәсіптің үлесі елдегі жаңа автомобильдердің барлық сатылымының төрттен біріне жетті.

Талдаушылардың болжауынша, Hyundai және Chevrolet жеке брендтер ретінде көшбасшылық позицияларын сақтап қалады, бірақ қытайлық автомобильдердің жалпы сатылымы 2024 жылы нарықта басым болады. Екінші жағынан, қытайлық автомобильдердің қосалқы бөлшектерінің тапшылығы кем дегенде тағы бір жарым-екі жыл бойы сақталады депболжануда. Болашақта елдегі электркарлардың өсу қарқыны қызмет көрсету желілерінің дамуына және осы автомобильдерді елге импорттау шығындарына байланысты болады. Сондай-ақ, жеке сатушыларда да, сондай-ақ дилерлерде де қытайлық электркарлардың модельдері кеңейеді деп күтілуде.

Аңсар Абуев, Freedom Finance Global компаниясының талдаушысы:

«2023 жылды Қазақстанның автомобиль нарығының қазіргі тарихында бетбұрыс кезең деп атауға болады. Оның себебі еліміздегі көлік санының күрт өсуінде ғана емес, сондай-ақ қазақстандықтардың жаңа өзгерістерге бұрынғыдан да ашық болуына байланысты болып отыр.Автокөлік нарығы бұл – тұрақты пікірлер, стереотиптер, консерватизм және прагматизм туралыжиі айтылатын орын. Алайда, Қазақстан үшін сұранысы төмен инженерлік шешімдермен жабдықталған қытайлық автомобильдердің белсенді түрде өсуі жергілікті сатып алушының парадигмасының өзгергенін көрсетті. Қазір біз ірі ойыншылардың жаңа үрдістерге бейімделіп, трендтен қалмай жатқанынкөріп отырмыз. Былтырғы жыл өсудің жалғасуында айтарлықтай үлкен із қалдырды және 2024 жылы оның бізді қайда апаратынына куә боламыз».

Freedom Finance Global компаниясының талдаушылары автомобиль бағаларының серпіні 2024 жылы өседі деп болжайды. Бағалардың өсу шамасы инфляция көрсеткішіне байланысты болады. Автомобильдердің бағалары 2024 жылы 12-17%-ға өседі деп күтілуде. Сонымен бірге, талдаушылардың болжамы бойынша, биыл автокөлік нарығының өсу қарқыны инфляцияның төмендеу қарқынының бәсеңдеуімен бірге төмендейді, дегенмен олар жергілікті нарық үшін салыстырмалы түрде жоғары болып қала береді.

Байланысты

Назарда – цифрландыру, Aitu және венчурлік инвестициялар. Алматыда IT және креативті экономиканың болашағы талқыланды

МҚҰ облигацияларын кім таңдайды: қазақстандық инвестордың портреті

Гульмира Убегалиева Jusan Garant Басқарма төрайымы болып тағайындалды

Қазақстанның ескі автопаркі нарықтағы проблемалардың бірі болып саналады. Сонымен қатар, орташа статистикалық тұтынушы үшін автомобильдердің қол жетімділігінің төмен болуы, автомобильдердің тарихы мен заң жүзінде тазалығының болмауы, салондарда жаңа автомобильдердің жетіспеушілігі, премиум сегментті автомобильдерді сатудағы тоқырау, айдалған автомобильдердің қосалқы бөлшектерінің қымбаттығы, автомобиль нарығында сұраныстың жоғары деңгейі жәнеоған сәйкес келмейтін ұсыныс, сондай-ақ Trade-inбағдарламасына деген сұраныстың төмен болуы сияқты жағымсыз факторлар көзге түседі.

Кешенді зерттеу барысында компания автомобильдіжүргізуде тәжірибесі бар және оны сатып алу туралы шешім қабылдайтын 18 жастан асқан Қазақстан Республикасының 1021 тұрғынына онлайн-сауалнама жүргізді. Сауалнамаға қатысушылардың басым көпшілігінде отбасының меншігінде бір (82,9%) немесе екі автомобиль (15,8%) бар. Сауалнамаға қатысқандардың тек 1,4%-ның үш немесе одан да көп жеңіл көліктері бар.Көбіне Алматы қаласының тұрғындары бір автомобильдіңиелері болып табылады (Шымкент қаласында 75%-ға және Астана қаласында 72,8%-ға қарағанда 86,5%-ды құрайды). Екі автомобиль көбінесе елорда мен Шымкент тұрғындарының меншігінде болып жатады (тиісінше 24,7% және 25%).

Қазақстандықтар арасында сұранысы жоғарыавтомобильдердің үздік 5 маркасына Toyota (13,8%), ВАЗ ЛАДА (11,4%), Volkswagen (8,8%) және кореялық KIA (7,8%) және Hyundai (7,1%) автобрендтері кіреді. Қазақстандағы жеңіл автомобильдер паркінің жылы ескірген көліктің басым екендігін білдіреді.Респонденттердің автомобильдерінің жартысынан көбі 2016-2022 жылдар аралығында сатып алынды (58,9%), бұл ретте олар көбінесе айдалған автокөліктерді сатып алды (жаңа автокөліктердің 26,4%-на қарағанда 73,6%-ды құрайды). Сауалнамаға қатысқан әрбір төртінші адам автомобильді мамандандырылған ресми дилерлерден (24,8%) немесе өзінің тұрғылықты жері бойынша қайталама автомобильдер нарығынан (23%) сатып алды. Автокөлік иелерінің көпшілігі — 67,8% көлік бағасының толық құнын бірден төлеп, көлікті сатып алды. Сауалнамаға қатысқандардың 29,7%-ы кредиттеу қызметтерін пайдаланды.

Сондай-ақ, зерттеу шеңберінде саланың жоғары білікті өкілдерімен сараптамалық сұхбат жүргізілді. Кәсіби мамандардың пікірінше, Қазақстанның автомобиль нарығы бүгінгі таңда даму сатысында жүріп жатыр.Алайда, олардың пікірінше, сату мен тұтынудың белсенді өсу кезеңі өтіп кетті және алдағы бір-екі жылда нарықта(қайталама нарықта да, сондай-ақ бастапқы нарықта да)тоқырау болады деп күтілуде. Қазақстанның автомобиль нарығы, сауалнамаға қатысқандардың пікірінше, «қызыл мұхит» идеясын көрсетеді: бәсекелестігі жоғары және бизнесті жүргізу үшін түсінікті қағидалары бар қалыптасқан нарық, мұнда сұраныс жасаудың және сатудың қандай да бір тәсілдерін ойлап табудың қажеті жоқ.

Сарапшылардың 2024 жылға арналған болжамдары бойынша, Қазақстанның автомобиль нарығында сатылымның өсуі бәсеңдейді деп күтуде. Алайда, олардың көбі алдағы уақытта базалық мөлшерлеме төмендеуі, соның салдарынан халық үшін кредиттердің қолжетімділігі артуы мүмкін екенін атап өтті. Қытайлық автоөнеркәсіптің кеңеюі басқа өндіруші елдердің автомобильдеріне деген сұраныстың төмендеуіне тікелей әсер етеді, деп санайды сұхбатқа қатысушылар. Сондай-ақ, жаңа автомобильдерге деген тұтынушылық сұраныс өседі, автомобильдердің құны 10-20%-ға өседі, айдалған автомобильдерге деген тұтынушылық сұраныс төмендейді деп болжануда.

Зерттеуге сілтеме: https://ffin.kz/kk/research/11-qazaqstannynh-avtonaryghyn-zertteu-salanynh-transformatsiyasyn-taldau

Buy JNews
ADVERTISEMENT
БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Air Astana Sky Choice Travel марапатын алды

Келесі жаңалық

Қуандық Бишімбаевқа тағы бір бап бойынша айып тағылып отыр

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Назарда – цифрландыру, Aitu және венчурлік инвестициялар. Алматыда IT және креативті экономиканың болашағы талқыланды
Басты

Назарда – цифрландыру, Aitu және венчурлік инвестициялар. Алматыда IT және креативті экономиканың болашағы талқыланды

28 августа, 2025
МҚҰ облигацияларын кім таңдайды: қазақстандық инвестордың портреті
Бизнес

МҚҰ облигацияларын кім таңдайды: қазақстандық инвестордың портреті

24 июня, 2025
Гульмира Убегалиева Jusan Garant Басқарма төрайымы болып тағайындалды
Бизнес

Гульмира Убегалиева Jusan Garant Басқарма төрайымы болып тағайындалды

12 июня, 2025
2 000 000-нан 3 500 000 теңгеге дейін: жазғы бизнеске бастапқы инвестицияларды есептеу
Басты

2 000 000-нан 3 500 000 теңгеге дейін: жазғы бизнеске бастапқы инвестицияларды есептеу

11 июня, 2025
50$  МЛРД  АСТАМ ҚАРАЖАТТЫ ТШО ЖЕРГІЛІКТІ САТЫП АЛУҒА ЖӘНЕ ОТАНДЫҚ КОМПАНИЯЛАРДЫ ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАДЫ
Бизнес

50$ МЛРД АСТАМ ҚАРАЖАТТЫ ТШО ЖЕРГІЛІКТІ САТЫП АЛУҒА ЖӘНЕ ОТАНДЫҚ КОМПАНИЯЛАРДЫ ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАДЫ

9 июня, 2025
Қазақстанда құрылыс нарығы қауіптерге қарамастан 85%-ға өсті
Бизнес

Қазақстанда құрылыс нарығы қауіптерге қарамастан 85%-ға өсті

29 мая, 2025
Келесі жаңалық
Қуандық Бишімбаевқа тағы бір бап бойынша айып тағылып отыр

Қуандық Бишімбаевқа тағы бір бап бойынша айып тағылып отыр

Алматының тау бөктерінде заңсыз салынған 52 нысан анықталды

Алматының тау бөктерінде заңсыз салынған 52 нысан анықталды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Үздік стикерлер үшін Macbook Air 13 ұтыс ойыны

Үздік стикерлер үшін Macbook Air 13 ұтыс ойыны

17 июня, 2022
Сәуірде Астана қаласында көрнекті тележурналист Нұртілеу Иманғалиұлын еске алуға арналған бильярд турнирі ұйымдастырылады

Сәуірде Астана қаласында көрнекті тележурналист Нұртілеу Иманғалиұлын еске алуға арналған бильярд турнирі ұйымдастырылады

1 апреля, 2024
Жандарбек Бекшин Алматының «қызыл» аймаққа кіру себебін түсіндірді

Бекшин жаңа қаулыға қол қойды

17 марта, 2021

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматылық онколог: Ерте скрининг қатерлі ісіктен болатын өлім-жітімді азайтудың негізгі жолы болып қала береді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстанда алиментке өтініш беру нұсқаулығы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Бейбіт Исабаев елдің он дүркін чемпионы «Жетісу» волейбол командасының ойыншыларын қабылдады
  • Теміртаудың бірнеше шағын ауданының тұрғындары үшін көп жылдан бері алғаш рет жылыту маусымы бірде-бір апатсыз өтті
  • Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.