---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/01/16/almatyda-tawfik-daemhanasynan-oert-shyqty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда «Тауфик» дәмханасынан өрт шықты

![Алматыда «Тауфик» дәмханасынан өрт шықты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/01/465afd24-e050-4f3a-bd01-9e9b5d588636.webp)

**Алматыда дәмхана өртенді. Сол маңдағы тұрғын үйден 5 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8:58-де өрт сөндіру бөлімшелері Алмалы ауданы, Розыбақиев көшесі, 13 мекенжайына шақыртуға шықты.

Өрт сөндіру бөлімшелері келген сәтте «Тауфик» дәмханасының шатыры жанып жатқанын анықтады.

> «Өрттің таралу қауіпі көршілес құрылыстарға туындап, сол маңдағы үйден 5 адам эвакуацияланды. Дәмханада ешкім болған жоқ. Жанып жатқан ғимараттан 7 газ баллоны сыртқа шығарылды. Автоцистерналардан өрт оқпандары дереу енгізіліп өртке қарсы гидранттарына орнатылды, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді», — деп хабарлады департаменттен.

Өрт 9:43-те толығымен жойылды.

Қызыл жалын 150 шаршы метр жерді шарпыды.

Оны сөндіруге 30 адам, 10 бірлік техника және қаланың өзара іс-қимыл қызметтері тартылды

---

Жарияланды: 2024-01-16T05:03:42+06:00

Жаңартылды: 2024-01-16T05:03:42+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/01/16/almatyda-tawfik-daemhanasynan-oert-shyqty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.