---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/01/16/air-astana-sky-choice-travel-marapatyn-aldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Air Astana Sky Choice Travel марапатын алды

![Air Astana Sky Choice Travel марапатын алды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/01/attachment.jpeg)

**Air Astana Бейжіңдегі China Civil Aviation magazine шарасында өткен Sky Choice Travel Awards марапаттау рәсімінде «Жолаушыларға қызмет көрсету немесе инновациялық өнім жағынан Жылдың үздік әуекомпаниясы» номинациясы бойынша марапатқа ие болды.**

Жыл сайынғы Sky Choice Travel Award авиация және туристік саланың жетекші ойыншыларын марапаттайды. Қазылар алқасының құрамында салалық сарапшылар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері. Өзге номинациялар қатарында: «Экология саласындағы жылдың үздік әуекомпаниясы», «Тұрақты даму саласындағы жылдың үздік әуекомпаниясы», «Үздік бюджеттік әуекомпания», «Үздік жүк әуекомпаниясы» және тағы басқасы.

> «Қытайдағы авиация қауымдастығынан алғашқы марапатты алғанымызды мақтан тұтамыз. Бұл марапат қызметті жақсарту бойынша үздіксіз күш-жігеріміздің жемісі. Қытайлық саяхатшыларға таңдаулары мен жоғары бағалары үшін алғыс айтамыз,»- деді Қытайдағы Air Astana өңірлік менеджері Шу Ван ханым.

Air Astana Бейжіңге Airbus А321LR ұшағымен аптасына алты рет қатынайды. Әуекомпания әрбір борттық өнімінде қазақ мәдениетінің нышанын көрсетуге тырысады. Оның ішінде ұшу қауіпсіздігі туралы жаңа нұсқаулық, салон безендірудегі, ыдыс-аяқ, мәзір және ойын-сауық жүйесінің мазмұнындағы ұлттық нақыш кіреді.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2024/01/attachment-1-200x300.jpeg)

---

Жарияланды: 2024-01-16T08:38:26+06:00

Жаңартылды: 2024-01-16T08:38:26+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/01/16/air-astana-sky-choice-travel-marapatyn-aldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.