---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/01/15/tuerkistanda-zhangadan-salynghan-koep-qabatty-uej-oertendi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Түркістанда жаңадан салынған көп қабатты үй өртенді

![Түркістанда жаңадан салынған көп қабатты үй өртенді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/01/a3788be6-005e-4395-b65e-412921601bd7.webp)

**Түркістанда жаңадан салынған көп қабатты үйдің электр желілері жанып кетті, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Оқиға Отырар шағын ауданында болған. Көп қабатты тұрғын үйдің электр қалқаны мен үшінші қабат аралығында электр сымдары жанып кеткен. Тұрғын үйден 15 ересек адам эвакуацияланып, 20 бала құтқарылды.

> «Өртті сөндіруге Түркістан облысы Төтенше жағдай департаментінің 5 техникасы мен 21 қызметкері және Полиция департаментінен 2 техника мен 5 қызметкер жұмылдырылды. Өрттен қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», — делінген Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

---

Жарияланды: 2024-01-15T03:21:19+06:00

Жаңартылды: 2024-01-15T03:21:19+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/01/15/tuerkistanda-zhangadan-salynghan-koep-qabatty-uej-oertendi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.