Сұлтан Қамалетдинов қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqpress Ақордаға сілтеме жасап.
— Мемлекет басшысының өкімі бойынша, Сұлтан Бүркітбайұлы Қамалетдинов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, — делінген Жарлықта.
Бұл ретте, Мемлекет басшысының өкімі бойынша, Марат Құсайынов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы лауазымынан босатылды.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз