Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Экономика

«Фридом Финанс» АҚ-тың активтері 2023 жылы 1,5 есеге өсті

admin by admin
15 января, 2024
«Фридом Финанс» АҚ-тың активтері 2023 жылы 1,5 есеге өсті

«Фридом Финанс» АҚ-тың 2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жекелеген қаржылық есептіліндегі (аудиттелмеген) негізгі қаржылық көрсеткіштер төмендегідей болды:

Байланысты

МҚҰ облигацияларын кім таңдайды: қазақстандық инвестордың портреті

2 000 000-нан 3 500 000 теңгеге дейін: жазғы бизнеске бастапқы инвестицияларды есептеу

Қазақстанда құрылыс нарығы қауіптерге қарамастан 85%-ға өсті

2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша активтер 2022 жылғы 31 желтоқсанмен салыстырғанда 111,7 млрд теңгеге (54,5%) ұлғайды және 316,9 млрд теңгені құрады. Бағалы қағаздар портфелінің 83,3 млрд теңгеге немесе 64%-ға; басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялардың және реттелген борыштың 30 млрд теңгеге немесе 45%-ға ұлғаюы нәтижесінде өсімге қол жеткізілді.

Бұл ретте тікелей РЕПО бойынша операциялардың 85,98 млрд теңгеге немесе 113,5%-ға ұлғаюына байланысты міндеттемелер 2022 жылғы 31 желтоқсанмен салыстырғанда 79,42 млрд теңгеге немесе 93,1%-ға өсті. Сондай-ақ басқа міндеттемелердің 6 млрд теңгеге немесе 99%-ға азаюы байқалады.

Меншікті капитал 2022 жылғы 31 желтоқсанмен салыстырғанда 32,3 млрд теңгеге (27%).

2023 жылғы таза кіріс 2022 жылғы таза кіріспен салыстырғанда 14,8 млрд теңгеге немесе 70,2%-ға азайды. Бірінші кезекте бұл тікелей РЕПО бойынша операциялардың сыйақысын төлеуге байланысты шығыстырдың 17,48 млрд теңгеге немесе 261,2%-ға; операциялық шығыстардың 7,87 млрд теңгеге немесе 131,6%-ға; шетел валютасын қайта бағалау бойынша шығыстардың 1,27 млрд теңгеге немесе 13%-ға; басқа да шығыстардың 0,83 млрд теңгеге немесе 56%-ға өсуімен байланысты.

Бір жылғы таза кірістің қорытынды көрсеткішіне сондай-ақ әділ құн бойынша бағаланатын, өзгерістері пайда немесе залал құрамында көрсетілетін сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістердің 5,75 млрд теңгеге немесе 34,1%-ға; әділ құн бойынша бағаланатын, өзгерістері пайда немесе залал құрамында көрсетілетін қаржы активтері құнының өзгерісінен келіп түсетін таза кірістердің 5,22 млрд теңгеге немесе 172,7%-ға; қаржы активтерін сатып алу-сатудан келіп түскен кірістердің 2,19 млрд теңгеге немесе 30,4%-ға ұлғаюы әсер етті.

Бір жылдың қорытындысы бойынша жарғылық капитал 98,5 млрд теңгені құрайды. 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шоттардың жалпы мөлшері 86 мыңға жуық шотты құрайды. 2023 жылы мәмілелер саны 948 мыңнан астам болды.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша «Фридом Финанс» АҚ Қазақстан қор биржасында саудаланатын бағалы қағаздардың 106 атауы бойынша, Astana International Exchange-де саудаланатын бағалы қағаздардың 7 атауы бойынша ресми маркетмейкер болып табылады.

Freedom Finance Global PLC компаниясы 2024 фискалдық жылғы төртінші тоқсанда мынадай нәтижелер көрсетті:

2023 жылғы қазан-желтоқсандағы кезеңде компанияда 14 мыңға жуық шот ашылды, 2,5 млн-нан астам мәміле жүргізілді. 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шоттардың жалпы саны 146,5 мың, бағалы қағаздармен 17 млн-нан астам мәміле жүзеге асырылды.

2023 жылғы қазанда «Астана» халықаралық қаржы орталығы Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (Astana Financial Services Authority, AFSA) Freedom Finance Global PLC компаниясына Қазақстанда қор нарығындағы опциондарды саудалауға бөлшек инвесторлардың қол жеткізуі мүмкіндігін ұйымдастыру жөніндегі пилоттық жобаны сеніп тапсыру туралы шешім қабылдады. Бұл тек кәсіби клиенттерге емес, сондай-ақ бөлшек клиенттерге де деривативтермен мәмілелерге қол жеткізу мүмкіндігін береді, бұл АХҚО-ның юрисдикциясында алғашқы үлгі боларлық жағдай болып табылады. Жоба 2024 жылғы қаңтардан бастап іске асырылады.

2023 жылғы қарашада AFSA сондай-ақ Freedom Finance Global PLC компаниясының реттелетін қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензиясын кеңейтті, оны ұжымдық инвестицияларды басқаруды жүзеге асыру (Managing a Collective Investment Scheme) лицензиясымен толықтырды. Компания жаңа лицензияға сәйкес инвестициялық қорларды құруға, АХҚО-дағы инвестициялық қорларды басқарушы компанияның функциясын жүзеге асыруға, оларға инвесторлардың (оның ішінде бөлшек) қаражатын тартуға құқылы.

2023 жылғы желтоқсанда Freedom Finance Global PLC компаниясы Қазақстанда АҚШ Ішкі кірістер қызметінің (Internal Revenue Service) уәкілетті салық агенті – Qualified Intermediary мәртебесін тұрақты міндетті сертификаттаудан алғашқы болып өтті.

 

 

Анықтама:

* Компания үшін 2024 фискалдық жылдың үшінші тоқсаны 2023 жылғы 31 желтоқсанда аяқталды.

«Фридом Финанс» АҚ өз клиенттеріне KASE және AIX биржаларында брокерлік қызмет көрсетеді, маркетмейкердің бағалы қағаздардың баға белгіленімін қолдау қызметтерін, борыштық және үлестік қаржыландыруды ұйымдастыруды, қаржылық консалтинг саласындағы қызметтерді көрсетеді.

Freedom Finance Global PLC компаниясы бұл – бөлшек инвесторларға қызмет көрсетуде мамандандырылған жаңа мүмкіндіктері бар брокер. Компанния АХҚО-да тіркелген, AFSA берген лицензиясы бар және ағылшын құқығы элементтері бар қызметті жүзеге асырады. Freedom Finance Global PLC компаниясы клиенттерінің халықаралық қаржы нарықтарындағы (NYSE/NASDAQ, London Stock Exchange, HKEX, Frankfurt Stock Exchange), KASE және AIX-тегі биржалық операцияларға тікелей шығуға, сондай-ақ холдингтің ең танымал және сұранысы жоғары қызметі – бастапқы орналастыруға (ІРО) қатысуға мүмкіндігі бар.

Компаниялар Freedom Holding Corp. компаниясының халықаралық инвестициялық тобына кіреді. Холдингтің акциялары Nasdaq Capital Market биржасында FRHC тикерімен орналастырылған (2019 жылғы 15 қазаннан бастап). Freedom Holding Corp. компаниясының қызметін Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссия (SEC, АҚШ) реттейді.

 

 

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

HONOR компаниясы Қытайда HONOR Magic 6 смартфондарының сериясын және жаңа HONOR Magic V2 RSR ұсынды

Келесі жаңалық

Қайрат Боранбаевқа қатысты жаңа сот процесі туралы белгілі болды

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

МҚҰ облигацияларын кім таңдайды: қазақстандық инвестордың портреті
Бизнес

МҚҰ облигацияларын кім таңдайды: қазақстандық инвестордың портреті

24 июня, 2025
2 000 000-нан 3 500 000 теңгеге дейін: жазғы бизнеске бастапқы инвестицияларды есептеу
Басты

2 000 000-нан 3 500 000 теңгеге дейін: жазғы бизнеске бастапқы инвестицияларды есептеу

11 июня, 2025
Қазақстанда құрылыс нарығы қауіптерге қарамастан 85%-ға өсті
Бизнес

Қазақстанда құрылыс нарығы қауіптерге қарамастан 85%-ға өсті

29 мая, 2025
Энергетикалық сусындарға акциз енгізу: бизнес неге қарсы және бұл шешім Қазақстан үшін қаншалықты тиімді?
Бизнес

Энергетикалық сусындарға акциз енгізу: бизнес неге қарсы және бұл шешім Қазақстан үшін қаншалықты тиімді?

22 апреля, 2025
Олжас Бектенов Жамбыл облысында Jibek Joly арнайы экономикалық аймағындағы жаңа ауқымды инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты
Басты

Олжас Бектенов Жамбыл облысында Jibek Joly арнайы экономикалық аймағындағы жаңа ауқымды инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты

17 апреля, 2025
inDrive қызметі жеке кәсіпкерлер ретінде тіркелген жүргізушілер үшін салық агенті міндетін атқарады
Экономика

inDrive қызметі жеке кәсіпкерлер ретінде тіркелген жүргізушілер үшін салық агенті міндетін атқарады

7 апреля, 2025
Келесі жаңалық
Қайрат Боранбаевқа қатысты жаңа сот процесі туралы белгілі болды

Қайрат Боранбаевқа қатысты жаңа сот процесі туралы белгілі болды

Қар құрсауында қалған Күршімде төтенше жағдай жарияланды

Қар құрсауында қалған Күршімде төтенше жағдай жарияланды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Алаяқтық жасаған сотталушының шартты жазасы нақты жазаға ауыстырылды

Алаяқтық жасаған сотталушының шартты жазасы нақты жазаға ауыстырылды

4 ноября, 2024
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

22 июля, 2021
Елімізде әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту жаңа бағыт алмақ

Елімізде әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту жаңа бағыт алмақ

28 апреля, 2021

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • AOО онкологы — бауыр обырының қауіптері мен алдын алу туралы талқылайды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Jack port Off Sites — Avoiding Jerks With Sex Webcam Girls

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Freedom Media «Сёгун» сериалының қазақ тіліндегі алғашқы ресми дубляжын ұсынды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Тазабек Астанада «Қайрат» – «Брюгге» матчында жанкүйерлерді таңғалдырды
  • Алматыда алғаш рет қозғалыс бұзылыстары бар жасөспірімнің миын терең ынталандыру жүргізілді
  • Huawei мен Beeline Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.