---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/01/15/almatyda-qurylys-qojmasy-oertendi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда құрылыс қоймасы өртенді

![Алматыда құрылыс қоймасы өртенді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/01/1e927701-dd00-48b6-81c6-4b17c5245869.webp)

**Алматыда құрылыс материалдары және лак-бояу өнімдері тұрған қоймадан өрт шықты, деп хабарлайды Qazaqpress Kazinform.kz-ке сілтеме жасап.**

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 14 қаңтар күні сағат 20:25-те өрт сөндіру бөлімшелері Алмалы ауданы, Әуезов көшесі, 2/8 а мекенжайына шақыртуға шықты.

Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген сәтте құрылыс материалдары және лак-бояу өнімдері бар қойманың 500-ден астам шаршы метр аумағы жанып жатқанын анықтады.

> «Өрттің көршілес орналасқан қоймаларға таралу қаупі туындады. Өртті сөндіру жұмыстарын  қоймадағы тез жанғыш заттар (битум, лак-бояу) қиындатты. Дереу жедел штаб пен үш өрт сөндіру учаскесі құрылып, негізгі басым міндеттер айқындалды. Оны сөндіру барысында қызып тұрған темір қоймадан қауіпсіз жерге 3 оттегі және 4 газ баллоны шығарылды»,- деп хабарлады қалалық ТЖД-дан.

Өрт түнгі 22:34-те оқшауланып, 22:50-де толық сөндірілді.

Оған 21 бірлік техника мен 100-ден астам адам жұмылдырылды.

Оттың шығу себебі анықталып жатыр. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

---

Жарияланды: 2024-01-15T03:18:12+06:00

Жаңартылды: 2024-01-15T03:18:12+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/01/15/almatyda-qurylys-qojmasy-oertendi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.