---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/01/12/qwandyq-bishimbaevty-qamawda-ustaw-merzimi-uzartyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қуандық Бишімбаевты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

![Қуандық Бишімбаевты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/11/1699732974_1699712068_image.webp)

**Экс-министр Қуандық Бишімбаевты қамауда ұстау мерзімі ұзарды, деп хабарлайды Qazaqpress.**

> — 9 қаңтарда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотымен күдікті К. Бишимбаевқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2024 жылғы 9 наурызға дейін ұзарту санкцияланды, — делінген ведомствоның Tengrinews.kz редакциясына берген ресми жауабында.

Өзге мәліметтер ҚР Қылмыстық процесстік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Еске салайық, 9 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ұсталғаны белгілі болды. Астанадағы мейрамханалардың бірінде келушілер арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйел алған жарақатынан көз жұмған. Болжам бойынша, әңгіме экс-министрдің әйелі туралы. Бишімбаевтың ұсталғаны туралы хабарламамен қатар Астана полициясы ер адамның ұсталғаны туралы пікір білдірді. Бірақ оның аты-жөнін нақтыламады.

Сондай-ақ, сағат 19:54-те астаналық жедел медициналық қызмет көрсету станциясы пультіне қоңырау түскен. Жедел жәрдем бригадасы жеткенде 1992 жылы туған әйелдің қаза болғаны расталды. Кейін марқұмның 31 жастағы Салтанат Нүкенова екені белгілі болды. Ол — Қуандық Бишімбаевтың әйелі.

---

Жарияланды: 2024-01-12T04:43:51+06:00

Жаңартылды: 2024-01-12T04:43:51+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/01/12/qwandyq-bishimbaevty-qamawda-ustaw-merzimi-uzartyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.