---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/01/12/million-dollar-bopsalaghan-bqo-turghyny-aqsha-alw-saetinde-ustaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Миллион доллар бопсалаған БҚО тұрғыны ақша алу сәтінде ұсталды

![Миллион доллар бопсалаған БҚО тұрғыны ақша алу сәтінде ұсталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/01/5b7637c8-43c1-444b-a05f-6193ac1e9dfa.webp)

**Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері етті мал шаруашылығымен айналысатын ЖШС құрылтайшыларынан миллион АҚШ долларын бопсалаған өңір тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Qazaqpress Polisia.kz-ке сілтеме жасап.**

Күдікті Toyota Mark II автокөлігінің ішінде ақша алу сәтінде құрықталды. Көлікті тінту кезінде сол жақтағы алдыңғы жолаушылар орындығының қалтасынан 4 млн теңге тәркіленді.

Сонымен қатар қаскүнемнің барсеткасынан 50 мың теңге табылды. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр (Бопсалау).

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

---

Жарияланды: 2024-01-12T05:01:04+06:00

Жаңартылды: 2024-01-12T05:01:04+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/01/12/million-dollar-bopsalaghan-bqo-turghyny-aqsha-alw-saetinde-ustaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.