---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/01/12/bayanawyldaghy-17-eldi-mekendi-sw-basw-qawpi-bar/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Баянауылдағы 17 елді мекенді су басу қаупі бар

![Баянауылдағы 17 елді мекенді су басу қаупі бар](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/01/0cf30c2d-efae-4922-ba1d-6e7c648647cf.webp)

**Мамандар көктемде су басу қаупін азайту үшін 5 млрд теңгенің жобасын ұсынып отыр. Қаражат топырақ үйінділерін бекіту мен шлюздерді орнатуға жұмсалады, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Павлодар облысында көктемгі су тасқыны кезеңінде қауіпті аймақтың бірі – Баянауыл аймағы. Негізгі қауіп Ащысу, Айдос, Бала Шідерті, Қарасу өзендерінен төніп тұр. Елді мекендерді су бау қаупін азайту үшін былтыр аудандағы Жаңатілек, Сәтбаев, Ұзынбұлақ, Жаңажол ауылдық округтерінде жалпы көлемі 6,7 мың гектар көлтабандарды қалпына келтіру жұмыстары басталған.

> «Бұл жобаны жүзеге асыру шамамен 5 млрд теңге қаражат қажет. Ол өзендер айналасына топырақ үйіндісін салу және шлюздер орнатуға бағытталады. Бұған қоса су жиналатын көлтабандар жазда шалғынға айналып, өңірдегі мал шаруашылығының дамуына оң әсер етеді», — делінген өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің хабарласында.

---

Жарияланды: 2024-01-12T04:46:07+06:00

Жаңартылды: 2024-01-12T04:46:07+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/01/12/bayanawyldaghy-17-eldi-mekendi-sw-basw-qawpi-bar/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.