---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/01/11/zhambyl-oblysynda-oetken-zhyly-2012-myng-ga-zher-memleketke-qajtaryldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Жамбыл облысында өткен жылы 201,2 мың га жер мемлекетке қайтарылды

![Жамбыл облысында өткен жылы 201,2 мың га жер мемлекетке қайтарылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/01/sqiwtyzz.webp)

**Мемлекет басшысының жер мәселелері бойынша тексеру жүргізуге берген тапсырмасына сәйкес, Жамбыл облысында осы бағыттағы жұмыстар қарқынды жүзеге асып келеді, деп хабарлайды Qazaqpress облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. **

Жер қатынастары басқармасының мәліметінше, былтыр өңірде пайдаланылмай жатқан 201,2 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылып, тапсырма тиісті деңгейде орындалған.

Айта кетейік, бұл алқаптар бұған дейін 530 тұлғаның иелігінде болған.

Мемлекет меншігіне өткен 41860,7 гектары Мойынқұм ауданынан, 31591,6 гектары Сарысу ауданынан қайтарылса, одан кейінгі жер алқаптары Байзақ, Жамбыл, Меркі, Т.Рысқұлов, Жуалы, Қордай, Талас және Шу аудандарына тиесілі.

Ал, биыл облыста шамамен 80 мыңға жуық жер мемлекет меншігіне қайтарылады деп жоспарланып отыр.

---

Жарияланды: 2024-01-11T03:28:52+06:00

Жаңартылды: 2024-01-11T03:29:02+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/01/11/zhambyl-oblysynda-oetken-zhyly-2012-myng-ga-zher-memleketke-qajtaryldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.