---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/01/11/muhamediuly-qazaqstandaghy-mektepterding-birin-iemdenbek-bolghan/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Мұхамедиұлы Қазақстандағы мектептердің бірін иемденбек болған

![Мұхамедиұлы Қазақстандағы мектептердің бірін иемденбек болған](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/12/vvy40auc.webp)

**Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеу жұмыстары барысында бұрынғы мәдениет және спорт министрі, сондай-ақ Ұлттық музейдің экс-басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты жаңа эпизодты хабарлады, деп хабарлайды ****Qazaqpress Tengrinews.kz****-ке сілтеме жасап.**

> «Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты 221 миллион теңге бюджет қаражатын жымқыру эпизоды бойынша сот үкімі шықты. Қазіргі уақытта бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқыру және жоғары спорт шеберлігі мектебін заңсыз жекешелендіру бойынша қосымша эпизодтар бар.
> 
> 
> 
> 
> Келесі эпизод – «Дипломат» қонақүйін рейдерлік жолмен басып алу және пара беру әрекеті. Бұл істердің барлығы қазір сотта қаралып жатыр», — деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Арман Тілеуқанов.

Бұған дейін бұрынғы мәдениет және спорт министрі, Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы басқа қылмыстық іс бойынша сот алдына қайта келген болатын. Бұл жолы бұрынғы шенеунікке астаналық «Дипломат» қонақүйін рейдерлік жолмен басып алды деген айып тағылып отыр.

Еске салайық, Астана қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімі бойынша, Арыстанбек Мұхамедиұлы сегіз жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

---

Жарияланды: 2024-01-11T03:32:18+06:00

Жаңартылды: 2024-01-11T03:32:18+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/01/11/muhamediuly-qazaqstandaghy-mektepterding-birin-iemdenbek-bolghan/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.