---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/01/08/zhazwshy-ghalymbek-elwbajuly-oemirden-oetti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Жазушы Ғалымбек Елубайұлы өмірден өтті

![Жазушы Ғалымбек Елубайұлы өмірден өтті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/01/45078aa0-6cbc-432c-ad2a-ac3167398fe1.webp)

**Талантты жас жазушы Ғалымбек Елубайұлы 39 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Оның Алаш мұрасын жинақтауда сіңірген еңбегі зор. 2011-2016 жылдары Шымкент қаласындағы саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде қызмет ете жүріп, Алаш қайраткерлерінің құнды еңбегі жарияланған «Ақ жол» газетін транскрипция жасап, 25 томдық кітаптың шығуына себепкер болды.

Жазушы «Шала бауыздалған ақ ешкі», «Тумай тұрып өлімге кесілгендер», «Бүйі қаптаған жаз», «Құралай тышқанның боғы» секілді әңгімелерімен танылды. Оның 2023 жылы «Жүз жетінші көктем» кітабы жарық көрген болатын.

Ғалымбек Елубайұлы 1984 жылы 9 қаңтарда Қытайдың Алтай аймағы, Көктоғай ауданында дүниеге келген.

---

Жарияланды: 2024-01-08T05:52:21+06:00

Жаңартылды: 2024-01-08T05:52:21+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Мәдениет](https://qazaqpress.kz/category/maedeniet/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/01/08/zhazwshy-ghalymbek-elwbajuly-oemirden-oetti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.